Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Польша Украинаның ЕО-ға жедел қосылуына жол бермейді - Сикорский

© Sputnik / СтрингерПольша Украинаның ЕО-ға жедел қосылуына жол бермейді - Сикорский
Польша Украинаның ЕО-ға жедел қосылуына жол бермейді - Сикорский - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2026
Жазылу
Ол Польшаның Украина Еуроодаққа мүше болу үшін қажетті барлық шарттарды орындауын талап ететінін айтты
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Польша Украинаның Еуропалық Одаққа жедел қосылуына жол бермейді, деп мәлімдеді RMF FM радиосы эфирінде Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Комиссия (Еурокомиссия – ред.) жеделдетілген мүшелік идеясын алға тартты. Бұл болмайды", - деді Сикорский.
Ол Польшаның Украина Еуроодаққа мүше болу үшін қажетті барлық шарттарды орындауын талап ететінін айтты.
"Біз Украина да біздер сияқты барлық шарттарды орындауы керек деп есептейміз", - деді Польша сыртқы істер министрі.
2022 жылдың маусымында ЕО Украина мен Молдоваға интеграциялық бірлестікке үміткер мәртебесін беріп, қосылу келіссөздерін ресми бастау үшін бірнеше қатаң шарттарды қойды. ЕО бұл шешімнің негізінен символикалық тұрғыда болғанын бірнеше мәрте мойындаған.
Жаңалықтар
0