Энергия көздерінің теңгерімі ЕАЭО экономикасын дамытуға көмектеседі - ЕЭК министрі

Арзыбек Кожошев - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2026
Жазылу
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту Еуразиялық одақ стратегияларына енгізілді
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында өткен "ЕАЭО мүше мемлекеттерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтудағы баламалы энергия көздерінің рөлі" атты дөңгелек үстелде ЕАЭО-да энергетикалық саланы дамыту мәселесі талқыланды.
ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін баламалы энергия көздерін дамытудың маңыздылығын айтты.
"Бұл сала біз үшін ұзақ мерзімді басымдық болып табылады. Сондықтан жаңартылатын энергия көздерін дамыту жоспарлары ЕАЭО-ның 2030 және 2045 жылдарға арналған қабылданған даму стратегияларына енгізілген. Біздің энергетикалық стратегиямыз дәстүрлі және баламалы энергия көздерінің үйлесімді және теңгерімді сәйкестігіне негізделген", - деді министр.
Кездесуге қатысушылар бірқатар мәселені қарастыратын қарар қабылдады.
Құжатта Еуразиялық одақ елдерін ғылым мен озық энергетикалық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, ғалымдар мен мамандар арасында жаңартылатын энергия көздерін салу мен пайдаланудағы әзірлемелер мен жинақталған тәжірибе бойынша үздіксіз ақпарат алмасу орнатуға, сондай-ақ энергетика саласы үшін кадрларды оқыту мен кәсіби дамытудағы ынтымақтастықты нығайтуға шақыру қамтылған.
Овощи на рынке. Морковь  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
ЕАЭО-да көкөністің кейбір түрлері маусымаралық кезеңде кедендік баждан босатылды
Жаңалықтар
0