Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандар тапшы екенін мәлімдеді

© RIA Novosti/AvroraВладимир Зеленский
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдарға байланысты Patriot әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандардың тапшылығы пайда болғанын мәлімдеді.
"Егер (Таяу Шығыстағы) соғыс ұзаққа созылса, Украинаға қару-жарақ аз жеткізіледі... Қазір бұрын-соңды болмаған деңгейде тапшылық байқалып отыр", – деді Зеленский ZDF арнасына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Зеленский АҚШ Иранмен қақтығысқа көбірек көңіл бөліп жатқанын атап өтті.
Зеленский 3 наурызда Украинаға зымырандар мен қару-жарақ жеткізуде қиындық туындауы мүмкін екенін айтқан, себебі бұл қарулар енді Иранға қарсы операциялар үшін АҚШ-тың өзіне қажет болып отыр.
Бұған дейін ол Patriot жүйесіне арналған зымырандардың Украинаға уақытында жеткізілмегеніне шағымданған. Оның айтуынша, бұған НATO елдерінің жарналары арқылы қаруды жедел жеткізуді көздейтін Prioritized Ukraine Requirements List (PURL) бастамасы бойынша Еуропа тарапынан төлемнің кешіктірілуі себеп болған.
Жаңалықтар
0