https://sputnik.kz/20260415/turkistan-oblysynda-stomatologiya-203-mln-tengege-zhalgan-qyzmet-korsetken-62667726.html
Түркістан облысында стоматология 203 млн теңгеге жалған қызмет көрсеткен
Түркістан облысында стоматология 203 млн теңгеге жалған қызмет көрсеткен
Sputnik Қазақстан
Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникаларда бір мезгілде ондаған пациентке "қызмет көрсеткені" тіркелген 15.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-15T11:09+0500
2026-04-15T11:09+0500
2026-04-15T11:12+0500
бас прокуратура
түркістан облысы
тіс емханасы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0b/56990297_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f28c3ac3d8233a5c7187a4ad045b35df.jpg
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарды тексеру барысында бірқатар заңсыздық анықталды.Дәлірек айтқанда, заңсыздықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаражатты заңсыз алу және жұмсауға қатысты. Соның ішінде, лицензиясыз консультациялық-диагностикалық қызметтерді сапасыз әрі тиісті деңгейде көрсетпеу жағдайлары белгілі болды.Мәселен, облыстағы жекеменшік клиникалардың бірінде рұқсат құжаттарынсыз "офтальмолог", "гастроэнтеролог", "аллерголог", "уролог", "психиатр", "гематолог" сынды бейіндік мамандардың атынан 28 мыңнан астам консультация көрсетіліп, 91 млн теңге көлемінде қаражат алынған.Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникаларда бір мезгілде ондаған пациентке "қызмет көрсеткені" тіркелген.Қарсы тексерулер мен пациенттерден алынған жауаптар мұндай деректердің жалған екенін растады.Аталған фактілер бойынша материалдар сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20260305/almatyda-stomatologiyalyq-klinika-45-mynnan-astam-adamga-zhalgan-qyzmet-korsetken-61635003.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/0b/56990297_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_09761282e986a4fdbd3815aa58861f03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, түркістан облысы, тіс емханасы
бас прокуратура, түркістан облысы, тіс емханасы
Түркістан облысында стоматология 203 млн теңгеге жалған қызмет көрсеткен
11:09 15.04.2026 (жаңартылды: 11:12 15.04.2026) Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникаларда бір мезгілде ондаған пациентке "қызмет көрсеткені" тіркелген
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарды тексеру барысында бірқатар заңсыздық анықталды.
Дәлірек айтқанда, заңсыздықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қаражатты заңсыз алу және жұмсауға қатысты.
Соның ішінде, лицензиясыз консультациялық-диагностикалық қызметтерді сапасыз әрі тиісті деңгейде көрсетпеу жағдайлары белгілі болды.
Мәселен, облыстағы жекеменшік клиникалардың бірінде рұқсат құжаттарынсыз "офтальмолог", "гастроэнтеролог", "аллерголог", "уролог", "психиатр", "гематолог" сынды бейіндік мамандардың атынан 28 мыңнан астам консультация көрсетіліп, 91 млн теңге көлемінде қаражат алынған.
"Сонымен қатар 203 млн теңге көлемінде стоматологиялық қызметтерді жалған көрсету фактілері анықталды. Екі аффилирленген клиника өздеріне формалды түрде үш дәрігерді рәсімдеп, электрондық төлем жүйесіне жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілгендей етіп 40 мың жалған стоматологиялық қызмет енгізген", - деп жазылған хабарламада.
Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникаларда бір мезгілде ондаған пациентке "қызмет көрсеткені" тіркелген.
Қарсы тексерулер мен пациенттерден алынған жауаптар мұндай деректердің жалған екенін растады.
Аталған фактілер бойынша материалдар сотқа жолданды.