Қордайда екі оқушының денесі табылды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында екі оқушының көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға бүгін Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында болған. Сарайдан екі жасөспірімнің денесі табылды. Полиция тергеу шараларын бастады.
"Қордай ауданындағы суицид фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары басталды", - дейді полицейлер.
Айта кетері, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша бес жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2026
Қаскелеңде оқушы сабақ кезінде көз жұмды
Жаңалықтар
0