Тоқаев Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
© Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Токаев поздравил Петера Мадьяра с победой на выборах в Венгрии - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Тоқаев Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады
Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.
"Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.
Жаңалықтар
0