https://sputnik.kz/20260414/salyqshylar-tagy-7-blogerge-qatysty-tekseristi-bastady-62650533.html
Салықшылар тағы 7 блогерге қатысты тексерісті бастады
Салықшылар тағы 7 блогерге қатысты тексерісті бастады
Sputnik Қазақстан
Осы уақытқа дейін 622 блогер қосымша салық есебін тапсырып, өз табысын 18,3 млрд теңгеге ұлғайтты 14.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-14T19:25+0500
2026-04-14T19:25+0500
2026-04-14T19:25+0500
блогер
салық
салық төлеуші
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қаржы министрлігі тағы 7 блогерге қатысты тексерісті бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, бұған дейін 854 блогерге салық төлеу туралы хабарлама жіберілген болатын. Себебі олардың жалпы табысы 72 млрд теңгеге төмендетіліп көрсетілген. Осы уақытқа дейін 622 блогер қосымша салық есебін тапсырып, өз табысын 18,3 млрд теңгеге ұлғайтты. Одан кейін қосымша 1 млрд теңгенің салығын төледі. Бүгінде тағы 600 млн теңгенің салығын төлеу туралы нұсқама жіберілді.Вице-министр тексеріске алынған блогерлердің есімін атамады. Себебі бұл ақпарат салық құпиясына жатады.
https://sputnik.kz/20260414/mobildi-audarymdar-salyqshylarga-barlyq-aqparat-tuskennen-keyin-ne-bolady-62648848.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_296:0:1196:675_1920x0_80_0_0_0832e80880b1ebe6cb75dfaf62a68fd2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
блогер, салық, салық төлеуші, тексеріс
блогер, салық, салық төлеуші, тексеріс
Салықшылар тағы 7 блогерге қатысты тексерісті бастады
Осы уақытқа дейін 622 блогер қосымша салық есебін тапсырып, өз табысын 18,3 млрд теңгеге ұлғайтты
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қаржы министрлігі тағы 7 блогерге қатысты тексерісті бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, бұған дейін 854 блогерге салық төлеу туралы хабарлама жіберілген болатын. Себебі олардың жалпы табысы 72 млрд теңгеге төмендетіліп көрсетілген. Осы уақытқа дейін 622 блогер қосымша салық есебін тапсырып, өз табысын 18,3 млрд теңгеге ұлғайтты. Одан кейін қосымша 1 млрд теңгенің салығын төледі. Бүгінде тағы 600 млн теңгенің салығын төлеу туралы нұсқама жіберілді.
"Қазіргі кезде 7 блогер бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр. Олардың қосымша саналған салық мөлшері 10 миллион теңгеден асады. Егер салық өз еркімен төленбейтін болса, құқық қорғау органдары арқылы өндіріп аламыз немесе процессуалды шешім қабылданады", - деді Біржанов үкіметте өткен брифингте.
Вице-министр тексеріске алынған блогерлердің есімін атамады. Себебі бұл ақпарат салық құпиясына жатады.