Министрлік есепшоттардың жаппай бұғатталу себебін атады

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание министерства финансов
Здание министерства финансов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Жазылу
Ақау жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу кезінде болған
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қаржы министрлігі есепшоттардың жаппай бұғатталу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
9 сәуірде кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың есепшоты негізсіз бұғатталып қалған. Ал кейбір компаниялар бір күн бойы ақшасын пайдалана алмады.
Вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, ақау жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу кезінде болған. Атап айтқанда, салық берешегі бар адамдардың есепшоты бұғатталған болатын. Берешектің нақты мерзімі де көрсетілген. Ол - 1 қаңтардан бастап қарызы барларды бұғаттау.
"Алайда жүйе бұрын қарызы болған борышкерлерді де автоматты түрде бұғаттай бастады. Иә, әдістемелік және техникалық қате болған. Дегенмен, біз ол проблеманы бір тәуліктің ішінде шештік. Біз бизнестен де кешірім сұрадық. Ең бастысы, біз жаңа жүйені енгіздік", - деді Біржанов үкіметтегі брифингте.
Вице-министр ондай жағдай енді қайталанбайды деп уәде берді.
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2026
Салық төлеушілерге қарызды кепілсіз бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі
Жаңалықтар
0