Беларусьпен барлық салада ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударамыз - Тоқаев

© Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Жазылу
2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 1,2 миллиард долларды құраған
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін айтты.

"Біз Сіздермен барлық салада ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударамыз. Беларусь мемлекеттілігіне, оның төл мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Ықпалдастығымыз, әсіресе, экономикалық салада дәйекті түрде дамып келеді деп айтуға толық негіз бар", – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді әрі өзара сенімге құрылған диалогты жалғастыру, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қажеттілігіне тоқталды.
Беларусь сыртқы істер министрі Қазақстанның бүгінгі саясатының түп негізінде қарапайым адамның, халықтың және мемлекеттің мүддесі жатқанын айтты. Ол мұндай әлеуметтік саясат екі елді жақындастырып, барлық бағыттағы байланысты бекемдей түсетініне сенім білдірді.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Касым-Жомарт Токаев принял министра иностранных дел Беларуси Максима Рыженкова - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Әңгімелесу барысында өнеркәсіп кооперациясы, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетудің маңызы айтылды.
Қазақстан өнімдерінің экспортын ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 1,2 миллиард долларды құраған.
Қазақстан президенті Алматы қаласында Беларусь Республикасының Бас консулдығын ашу жоспарын құптап, бұл мемлекеттеріміздің аймақтары арасындағы байланысты кеңейте түсетініне сенім білдірді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Максим Рыженков өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Касым-Жомарт Токаев и Таалатбек Масадыков - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Тоқаев ҰҚШҰ-ны дамытуға арналған ұсыныстарын бөлісті
Жаңалықтар
0