https://sputnik.kz/20260413/qaragandyda-balalar-alanynda-er-adam-zhasospirimge-kush-qoldangan-62633222.html
Қарағандыда балалар алаңында ер адам жасөспірімге күш қолданған
Қарағандыда балалар алаңында ер адам жасөспірімге күш қолданған
Sputnik Қазақстан
12 сәуір күні балалар алаңында екі бала келіспей қалды 13.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-13T14:58+0500
2026-04-13T14:58+0500
2026-04-13T15:00+0500
қарағанды
жасөспірім
төбелес
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0c/14938516_53:0:1159:622_1920x0_80_0_0_f267697fd6a9ad35baeffc890d0711f3.jpg
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қарағанды полициясы балалар алаңында болған оқиғадан кейін тексерісті бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Оған сәйкес, 12 сәуір күні балалар алаңында екі бала келіспей қалды. Сол кезде біреуі ата-анасына шағымданған. Осыдан кейін алаңға келген ер адам жасөспірімді кеңірдегінен ұстап, жерге итеріп жіберген.Облыстық полиция бұл оқиғаны әлеуметтік желілерді зерделеу кезінде анықтағанын хабарлады. Осы уақытқа дейін полицияға шағым түспеген. Дегенмен, видеодағы адамдардың барлығы анықталып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген.Осы орайда полиция кез келген келіспеушілікті тек заң бойынша шешу қажеттігін еске салды.
https://sputnik.kz/20260403/birinshi-ret-emes-elordada-tesla-koligin-basqargan-zhasospirim-ustaldy-62379269.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0c/14938516_191:0:1020:622_1920x0_80_0_0_ccfc897a6ea87e8f2c92eab1b121831f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, жасөспірім, төбелес
қарағанды, жасөспірім, төбелес
Қарағандыда балалар алаңында ер адам жасөспірімге күш қолданған
14:58 13.04.2026 (жаңартылды: 15:00 13.04.2026) 12 сәуір күні балалар алаңында екі бала келіспей қалды
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Қарағанды полициясы балалар алаңында болған оқиғадан кейін тексерісті бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Оған сәйкес, 12 сәуір күні балалар алаңында екі бала келіспей қалды. Сол кезде біреуі ата-анасына шағымданған. Осыдан кейін алаңға келген ер адам жасөспірімді кеңірдегінен ұстап, жерге итеріп жіберген.
Облыстық полиция бұл оқиғаны әлеуметтік желілерді зерделеу кезінде анықтағанын хабарлады. Осы уақытқа дейін полицияға шағым түспеген. Дегенмен, видеодағы адамдардың барлығы анықталып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген.
"Қазіргі кезде жан-жақты тексеріс шаралары басталды. Соның нәтижесінде заң бойынша әрбіреуінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", - дейді тәртіп сақшылары.
Осы орайда полиция кез келген келіспеушілікті тек заң бойынша шешу қажеттігін еске салды.