Павлодарда бес жұмысшыны топырақ басып қалды – қаза тапқандар бар

© Photo : ТЖМ баспасөз қызметіПавлодарда бес жұмысшыны топырақ басып қалды – қаза тапқандар бар
Павлодарда бес жұмысшыны топырақ басып қалды – қаза тапқандар бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Павлодар қаласында жер қазу жұмыстары кезінде бес жұмысшыны топырақ басып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, шұңғырдың тереңдігі шамамен 6 метр болған. Құтқарушылар келгенше кәсіпорын қызметкерлері бір адамға шығуға көмектескен. Ал төтенше жағдай мамандары тағы екі жұмысшыны алып шықты. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
"Үйінді арасынан екі адамның денесі шығарылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі кезде полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталады.
Бестөбе алтын кеніші, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.03.2026
Ақмола облысында шахтаға заңсыз түскендер топырақ астында қалды: біреуі көз жұмды
Жаңалықтар
0