https://sputnik.kz/20260412/orban-bilikte-qalsa-budapesht-kievtin-eo-ga-kiruine-zhol-bermeydi--siyyarto-62605939.html
Орбан билікте қалса, Будапешт Киевтің ЕО-ға кіруіне жол бермейді – Сийярто
Орбан билікте қалса, Будапешт Киевтің ЕО-ға кіруіне жол бермейді – Сийярто
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто егер Виктор Орбан үкіметі билікте қалса, ел... 12.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-12T10:18+0500
2026-04-12T10:18+0500
2026-04-12T10:18+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/19/61425364_0:55:1526:913_1920x0_80_0_0_1ce74f382326bc96903d0a88dcb8ae29.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто егер Виктор Орбан үкіметі билікте қалса, ел Ресейдің мұнайы мен газын сатып алу мүмкіндігі үшін күресті жалғастыратынын, Украинаның Еуроодаққа кіруіне жол бермейтінін және украин әскерін қаржыландыруға ақша жібермейтінін мәлімдеді.Оның айтуынша, Брюссель Еуропа елдерінің, соның ішінде венгр халқының қаржысын Украинаға бағыттағысы келеді және Украинаны Еуроодаққа қосуды көздейді. Бірақ Венгрия бұған жол бермейді.Министрдің сөзінше, парламент сайлауынан кейін Брюссель Венгрияны Ресей мұнайынан толық айыруға тырысады. Алайда Орбан үкіметі ресейлік энергия көздерін сақтап қалу үшін күреседі.Парламент сайлауы бүгін өтеді. Оған премьер-министр Виктор Орбанның "Фидес" партиясы және оның кіші коалициялық серіктесі – "Христиан-демократиялық халық партиясы", сондай-ақ ЕО және НАТО-мен тығызырақ ынтымақтастықты көздейтін "Тиса" партиясы қатысады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/19/61425364_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_22a7f7ee732b9ea99cce1ec19a28ff7e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Орбан билікте қалса, Будапешт Киевтің ЕО-ға кіруіне жол бермейді – Сийярто
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Петер Сийярто егер Виктор Орбан үкіметі билікте қалса, ел Ресейдің мұнайы мен газын сатып алу мүмкіндігі үшін күресті жалғастыратынын, Украинаның Еуроодаққа кіруіне жол бермейтінін және украин әскерін қаржыландыруға ақша жібермейтінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Брюссель Еуропа елдерінің, соның ішінде венгр халқының қаржысын Украинаға бағыттағысы келеді және Украинаны Еуроодаққа қосуды көздейді. Бірақ Венгрия бұған жол бермейді.
"Ұлттық, тәуелсіз үкімет тұрған кезде Венгрия соғысқа араласпайды, халықтың ақшасы елде қалады және Украина ешқашан Еуроодаққа кірмейді", - деді Сийярто. Бұл мәлімдемені ол Будапештегі сайлау алдындағы митингіде жасаған.
Министрдің сөзінше, парламент сайлауынан кейін Брюссель Венгрияны Ресей мұнайынан толық айыруға тырысады. Алайда Орбан үкіметі ресейлік энергия көздерін сақтап қалу үшін күреседі.
Парламент сайлауы бүгін өтеді. Оған премьер-министр Виктор Орбанның "Фидес" партиясы және оның кіші коалициялық серіктесі – "Христиан-демократиялық халық партиясы", сондай-ақ ЕО және НАТО-мен тығызырақ ынтымақтастықты көздейтін "Тиса" партиясы қатысады.