https://sputnik.kz/20260412/erdogan-men-makron-ukraina-boyynsha-kelissozdi-qayta-bastau-maselesin-talqylady-62605716.html
Ердоған мен Макрон Украина бойынша келіссөзді қайта бастау мәселесін талқылады
Ердоған мен Макрон Украина бойынша келіссөзді қайта бастау мәселесін талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөзді қайта... 12.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-12T14:29+0500
2026-04-12T14:29+0500
2026-04-12T14:29+0500
түркия
франция
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/19/15290201_0:119:3221:1931_1920x0_80_0_0_210f67c5fc792f0658be252489a861a0.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөзді қайта бастау және басқа да мәселелерді талқылады. Бұл туралы Түркия президентінің әкімшілігі хабарлады.Президенттер телефон арқылы сөйлесіп, Анкара мен Париж арасындағы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелерді қарастырды.Ердоған Иранға жасалған жасалған шабуыл бүкіл әлемге кері әсер еткенін, Түркияның дипломатиялық күш-жігер арқылы атысты тоқтатуға ықпал етіп отырғанын айтты. Сонымен қатар, ол Ливандағы бітімді бұзуға бағытталған әрекеттерге жол бермеу қажеттігін және Газа секторында бейбіт жоспардың келесі кезеңіне өтудің маңыздылығын атап өтті.Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен үш раунд келіссөз өткізді. Соңғысы 17-18 ақпанда Женевада ұйымдастырылды.
түркия
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/19/15290201_246:0:2977:2048_1920x0_80_0_0_8764eaecdbabb3373101f8589958820d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, франция
Ердоған мен Макрон Украина бойынша келіссөзді қайта бастау мәселесін талқылады
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөзді қайта бастау және басқа да мәселелерді талқылады. Бұл туралы Түркия президентінің әкімшілігі хабарлады.
Президенттер телефон арқылы сөйлесіп, Анкара мен Париж арасындағы екіжақты қатынастарды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелерді қарастырды.
"Тараптар халықаралық құқық негізінде Ормуз бұғазындағы еркін теңіз қатынасын қамтамасыз ету, Сириядағы жағдай, Кавказдағы бейбіт процесті қолдау, сондай-ақ Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөзді қайта жандандыру арқылы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мәселелерін талқылады", - деп мәлімдеді әкімшілік.
Ердоған Иранға жасалған жасалған шабуыл бүкіл әлемге кері әсер еткенін, Түркияның дипломатиялық күш-жігер арқылы атысты тоқтатуға ықпал етіп отырғанын айтты. Сонымен қатар, ол Ливандағы бітімді бұзуға бағытталған әрекеттерге жол бермеу қажеттігін және Газа секторында бейбіт жоспардың келесі кезеңіне өтудің маңыздылығын атап өтті.
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен үш раунд келіссөз өткізді. Соңғысы 17-18 ақпанда Женевада ұйымдастырылды.