Екі адам көз жұмды: Өскеменде көлікті айдап кеткен жүргізуші жол апатына түсті

© Photo : Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Семейде жол апаты салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Семейде жол апаты салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2026
Жазылу
Екі көліктің жүргізушісі де оқиға орнында жан тапсырды
АЛМАТЫ, 12 сәуір - Sputnik. Өскеменде ер адам көлікті айдап әкетіп, жол апатына түсті, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
35 жастағы ер адам Honda Inspire автокөлігін айдап әкеткен. Ол Малдыбаев көшесімен Аблакетка ауданынан қалаға қарай келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал Mercedes-Benz автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - дейді полиция.
© Photo : Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Семейде жол апаты салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Семейде жол апаты салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2026
Семейде жол апаты салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтар
0