https://sputnik.kz/20260412/astanada-zhol-erezhesin-61-ret-buzgan-zhurgizushi-qamauga-alyndy-62608031.html
Астанада жол ережесін 61 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды
Астанада жол ережесін 61 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Ол Әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткеліндегі бағдаршамның қызыл түсіне 133 км/сағ жылдамдықпен өтіп кеткен 12.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-12T13:05+0500
2026-04-12T13:05+0500
2026-04-12T13:05+0500
астана
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/1021/37/10213783_48:0:2453:1353_1920x0_80_0_0_2ea1c4bb7d0aa9997d42b7923c86375d.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz.Күйші Дина көшесінде жүргізілген рейд барысында BMW автокөлігін басқарған 27 жастағы азамат тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде оның жыл басынан бері 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Оның 59 дерегі – белгіленген жылдамдықты арттыру фактілері.Қабылданған шаралар нәтижесінде құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1021/37/10213783_348:0:2152:1353_1920x0_80_0_0_539c730611ca0419697771de89ce7c54.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жүргізуші
Астанада жол ережесін 61 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды
Ол Әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткеліндегі бағдаршамның қызыл түсіне 133 км/сағ жылдамдықпен өтіп кеткен
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz.
Күйші Дина көшесінде жүргізілген рейд барысында BMW автокөлігін басқарған 27 жастағы азамат тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде оның жыл басынан бері 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Оның 59 дерегі – белгіленген жылдамдықты арттыру фактілері.
"Жүргізушінің әрекеттері қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндірген. Атап айтқанда ол Әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінен 133 км/сағ жылдамдықпен қызыл бағдаршамға өтіп кеткен. Бұдан бөлек, рұқсат етілген 90 км/сағ орнына 216 км/сағ жылдамдықпен жүрген", - деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шаралар нәтижесінде құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.