Астанада үш баланың мәйіті табылды

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2026
Жазылу
Өртеніп жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылды
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Астанада өрт салдарынан үш бала көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіру барысында жанып жатқан пәтерден күйік алған әйел құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол №1 Көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды.
"Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 20 адамды эвакуациялады, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Әкімдік зардап шеккен әйелге және қаза болғандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлады.
Автомобиль скорой помощи в пробке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2026
Павлодар облысында өрттен тағы бір бала көз жұмды
Жаңалықтар
0