Қарағандыда тоғыз қабатты үйдің төбесінде отырған жасөспірім жұртты шошытты

© Sputnik / Алексей МальгавкоАрхивное фото многоэтажного дома
Архивное фото многоэтажного дома - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2026
Жазылу
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қарағандыда тоғыз қабатты үйдің төбесінде отырған жасөспірім тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Шатырдың ең шетінде отырған қыз тұрғындардың айғайын елемеген.
"Ол ұйықтап қалған сияқты отырды. Өте қорқынышты жағдай", - дейді тұрғындар.
Оқиға орнына патрульдік полиция инспекторлары Жалғас Смағұлов пен Ғылымхан Қаратағанов жедел жектен.
"Біз қызбен байланыс орнатып, оны қауіпті қадамнан бас тартуға көндіруге тырыстық. Алайда ол біздің сөзімізге жауап бермеді. Жағдайды жедел бағалап, кідірістің қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіне отырып, әріптесім екеуміз нақты әрекет етуге шешім қабылдадық. Шатырға көтеріліп, аса сақтықпен жақындап, қолайлы сәтті пайдаланып, оны жедел түрде қауіпсіз жерге шығардық", – дейді Жалғас Смағұлов.
Басынан өткерген күйзелістің салдарынан жасөспірім есінен танып қалған. Полиция қызметкерлері оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Есін жиғаннан кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Анықталғандай, құтқарылған қыз – қаланың 16 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
Начальник ДП Мангистауской области Сагындык Аяганов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2026
Маңғыстау полициясының бастығы мен дәрігер ұшақта жолаушыны құтқарды
Жаңалықтар
0