Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада бейбітшілік бүгін орнауы мүмкін - Песков

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуДмитрий Песков
Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Жазылу
Песков Ресей атысты тоқтатуды емес, ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілікті қалайтынын да айтты
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Егер Владимир Зеленский тиісті шешім қабылдаса, Украинада бейбітшілік бүгін орнауы мүмкін, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

"Егер президент Зеленский тиісті шешім қабылдаса және жауапкершілікті өз мойнына алса, онда бейбітшілік бүгін орнауы мүмкін. Біз мұны бірнеше рет айттық", - деді ол журналистерге.

Песков Ресей атысты тоқтатуды емес, ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілікті қалайтынын да айтты.
"Біз бірнеше рет айтқанымыздай және президент Владимир Путин айтқандай, біз атысты тоқтатуды қаламаймыз, біз бейбітшілікті, ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілікті қалаймыз", - деді Песков.
Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Пасха мерекесіне байланысты 11 сәуірде сағат 16:00-ден 12 сәуірдің соңына дейін атысты тоқтатуды жариялаған болатын.
Дмитрий Песков - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Украина бойынша келіссөздерге ашық - Песков
Жаңалықтар
0