"Жердегі ғарыш": Қазақстанда SANA жобасы аясында ғарышкер әйелдерді қалай даярлап жатыр
20:33 10.04.2026 (жаңартылды: 20:41 10.04.2026)

© Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития Казахстана
Жазылу
Үш қазақстандық ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов – Ресей ғарыш мектебінде даындалған. Енді Қазақстан төртінші ғарышкерді өз бетінше дайындағысы келіп отыр және жоспар бойынша ол әйел адам болуы керек.
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Ғарышкерлер күні қарсаңында Sputnik Қазақстан Орталық Азияда баламасы жоқ жоба туралы хабарлайды. Бұл - SANA-1 эксперименті. Жобаның ғылыми жетекшісі, когнитивтік ғылымдар кафедрасының доценті және Қазақстан-Британ техникалық университетінің жасанды интеллект зертханасының меңгерушісі және когнитивтік ғылым жөніндегі көмекші профессор Алина Гуторева айтып берді.
SANA-1 - қандай жоба
Республика қазақстандық база негізінде ғарышкерлер даярлау бойынша ауқымды мақсатты жүзеге асыруды қолға алды. Үш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов – Ресей ғарышкерлер мектебінде дайындалды. Енді Қазақстан төртінші ғарышкерді өз бетінше дайындағысы келіп отыр және жоспар бойынша ол әйел адам болуы керек.
Дәл осы себепті SANA-1 жобасы ойластырылды. Бұл ғарышқа ұшуды имитациялайтын жердегі эксперимент. 2025 жылдың соңында төрт әйел инженер өз еркімен 10 күн бойы арнайы капсулаға қамалды. Осылайша ғалымдар жабық кеңістік, күйзеліс және жеке шекарасыз өмір әйел ағзасы мен психикасы қалай әсер ететінін зерттей алды.
"Юлия сабырлы, Әсем көңілді, ал Даша байсалды": мінсіз әйелдер экипажын қалай жинақтауға болады
Экипаж мінез-құлықтарына қарай іріктелді. Ұйымдастырушылар команда мүшелерін түрлі жаста болатындай етіп таңдаған. Сондықтан қатысушылардың жасы 22-ден 39-ға дейін болды – олардың арасында шамамен бес жылдық жас айырмашылығы бар. Ғалымдар үшін әртүрлі психологиялық жетілудегі әйелдердің бір жабық кеңістікте қалай бірге өмір сүре алатынын түсіну маңызды болды.

Экипаж мүшелері
© Фото предоставлено Алиной Гуторевой
Капитан Юлия Бакирова - команданың сабырлы мүшесі. Зерттеуші Әсем Қуандық - үнемі көңіл-күйді көтеріп, барлығын жаттығуға жетектеп апаратын адам. Инженер Дарья Комарова - байыпты техникалық маман.
Гутореваның айтуынша, экипаж бір-бірін тамаша толықтырды. Дегенмен, қиын сәттер де болды: бір күні олардың бірі "бәрі аздап жүйкеге тие бастады" деп мойындады.
Төртінші маман Линара Жәдігерованың да мінезі сабырлы болды. Ол жоғары білікті инженер, сондықтан оны командаға қосу туралы шешіп қабылданды.
Қатысушылардың бірі бесінші күні эксперименттен шығып кетті
Бастапқыда капсулаға төрт адам кірген, бірақ бір қыз ерте шығып кетті.
Алина Гутореваның айтуынша, бәрі бейімделуге байланысты. Эксперименттің бірінші жартысы ең қиын кезең. Жаңа орта, жарық өшіруге болмай және салдарынан ұйқының бұзылуы. Қатысушылар 5-6 сағат қана ұйықтады.
Төртінші қатысушы, инженер, жинақталған күйзеліс пен шаршауға байланысты организмі шыдамады.
"Бұл сәтсіздік емес, ұйымдастырушылар ретінде біз үшін құнды сабақ болды. Біз команда капсулаға кірмес бұрын оларды етене жақын таныстырып, бейімделу кезеңінен өтуі керек екенін түсіндік. Бейтаныс адамдарды дайындықсыз тар кабинаға қамап қоюға болмайды", - деді ғалым.
Эксперименттегі әлеуметті желі
Күнделікті тәртіп қатаң, әскери тәртіпке ұқсас болды, бірақ қыздар көп ұзамай оны өз қажеттіліктеріне қарай өзгертіп алды.
Бастапқыда жоба ұйымдастырушылары экипаж мүшелеріне жақындарымен қоңырау шалуға рұқсат берді. Алдағы уақытта байланыс шектеулі болады, себебі бұл оқшаулануға кедергі келтіреді.

Экипаж TikTok-та
© Фото предоставлено Алиной Гуторевой
Бірақ эксперимент қатысушыларына әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынбады. Керісінше, ғылымды танымал ету үшін бұл құпталды. Сол себепті экипаж TikTok-та осы бағыттағы контентті жариялайтын парақша жүргізді. Бірақ қатысушылар мұндай үлкен қоғамдық назарды болады деп күткен жоқ.
"Олар бұл жабық эксперимент болады деп ойлады, мүмкін бір ғана тілші келетін шығар деп ойлады. Бірақ соңында оларды бүкіл Қазақстан бақылап отырды. Келесі экипажға біз алдын ала "Дайындалыңыздар, сіздер жұлдыз боласыздар" деп айтамыз деп күлді Алина.
SANA-2 болады ма
SANA-1 жобасында қыздар тұрақты түрде күнделік жазып жүрген жоқ. Алайда олар арнайы кестені толтырған. Ол қатысушылардың көңіл-күйін, мотивациясы, командалық динамиканы қамтыды.
Бірақ екінші экспериментте бәрі өзгереді. Ғалымдар еркін видеокүнделіктер енгізгісі келіп отыр.
Мұның бәрі психологияға байланысты мәселе. Себебі Жермен байланыс шектеулі болған кезде адамға "сөйлесетін" біреу қажет. Бейнежазба қарым-қатынас иллюзиясын жасайды.
Ал ғарышта сигналдың кешігуіне байланысты тікелей эфирге шығу мүмкін емес. Тек жазбалар жасауға болады. Сондықтан болашақ экипаж ғалымдар үшін және тарих үшін нағыз бейнеблог жүргізеді.
Әрі қарай не болады
Жалпы бірінші эксперимент сәтті өтті деп танылды. Биометриялық сағаттардың деректері - тамыр соғысы, жүрек соғу жиілігінің өзгергіштігі және қандағы оттегі қазіргі уақытта талданып жатыр.
Тәжірибені осы күзде немесе тіпті жазда қайталау жоспарланып отыр. Бұл жолы ұзақтығы 10 күннен 3-4 аптаға дейін созылуы мүмкін. Капсула сынаққа қатысушыларға екі айға дейін автономды өмір сүруге мүмкіндік береді.
Өздерінің ұлттық ғарышкерін даярлауды армандайтын Өзбекстан да қазірдің өзінде қазақстандық экспериментке қызығушылық танытты.
Алина Гутореваның айтуынша, елдің мақсаты әйел ғарышкерді даярлау болғандықтан, келесі бір-екі капсула тек әйелдерге арналған болады. Содан кейін ғана ерлер экспериментті қайталауы мүмкін.
"Ааралас экипаж үйлестіру және психология тұрғысынан ең қиыны болайын деп тұр", - дейді ол.
Бірақ ғарышта жынысына қарай кемсітушілік болмайды, сондықтан олар міндетті түрде бір күні аралас экипажға келеді, деді Гуторева.

