Қазақстан отандық спутниктерді экспорттайды

KazSat-2 ғарыш аппараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Жазылу
Республика үш экспорттық келісімге қол қойды
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстан жақын уақытта отандық спутниктерді экспорттай бастайды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен видеокөпір барысында "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының басшысы Қайыржан Қожаев мәлімдеді.
Біраз бұрын үш экспорттық келісімге қол қойылған болатын, деді Қожаев. Біріншісі, Моңғолиядағы жеке компаниямен, шешілмеген мәселелерге байланысты әзірше тоқтап тұр және әлі күшіне енген жоқ.
"Екіншісі келісімді Конго Республикасымен жасадық. Ал үшіншісі Нигерияның жеке компаниясымен жасалыд. Конго бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нигерия бойынша алғашқы төлем бірінші жартыжылдықта күтілуде және бұл жоба да басталады", - деді Қожаев.
Ол бұған дейін Қазақстан 2027 жылы үш отандық спутникті ұшыратынын хабарлаған болатын. Жоба Қазақстанның еуропалық серіктестері жасаған және 2014 жылы іске қосылған құрылғыны алмастырады.
Бараны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Қазақстан алғаш рет Сауд Арабиясына халал ет экспорттады
Жаңалықтар
0