Қазақстан келесі жылы үш отандық жер серігін ұшырады

© Sputnik / Санат ИмангалиевВидеомост "Перспективы развития космической отрасли Казахстана" на площадке Sputnik Казахстан
Видеомост Перспективы развития космической отрасли Казахстана на площадке Sputnik Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстан 2027 жылы үш отандық жер серігін ұшырады. Жобаны "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан алаңында компания басшысы Қайыржан Қожаев мәлімдеді.

"Жер серіктерін құрастыру және сынақ жұмыстары 2026 жылдың ортасынан басталады. Жұмысты жыл соңына дейін аяқтап, 2027 жылдың басында оларды орбитаға шығару жоспарланған", - деді Қожаев.

Жаңа жер серіктері 2014 жылы еуропалық серіктестердің қатысуымен ұшырылған аппараттың орнын басады.
"Бұл тек алғашқы қадам. Алдағы уақытта, 2029–2030 жылдары тағы 3 ғарыш аппаратын жасап, жалпы 6 жер серігінен тұратын топтама құруды жоспарлап отырмыз", - деп түйіндеді компания басшысы.
Орбитаға шығарылатын алғашқы 3 жер серігінжасауға бюджеттен 18 млрд теңге (38 млн доллар) бөлінген.
Перспективы развития космической отрасли Казахстана - видеомост - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Ғарыш саласын дамыту перспективалары – видеокөпір
Жаңалықтар
0