https://sputnik.kz/20260410/prezident-bokstan-ulttyq-quramany-aziya-birinshiligindegi-zhetistigimen-quttyqtady-62559521.html
Президент бокстан ұлттық құраманы Азия біріншілігіндегі жетістігімен құттықтады
Президент бокстан ұлттық құраманы Азия біріншілігіндегі жетістігімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды 10.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-10T15:31+0500
2026-04-10T15:31+0500
2026-04-10T15:36+0500
бокс
президент
құттықтау
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0a/62555038_0:350:960:890_1920x0_80_0_0_4926fdc9d0e20921b1532d9c597d1a00.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін айтты.Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді.Еске салайық, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды. Команда 13 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде.Олардың арасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай да бар. Ол алтын медаль жеңіп алып, алғаш рет Азия чемпионы атанды.
https://sputnik.kz/20260410/aziya-chempionaty-finalga-shyqqan-bes-qazaqstandyq-boksshynyn-torteui-altyn-aldy-62548473.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/0a/62555038_0:355:960:1075_1920x0_80_0_0_519bf4f2fb9242428f960a4504578190.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бокс, президент, құттықтау
бокс, президент, құттықтау
Президент бокстан ұлттық құраманы Азия біріншілігіндегі жетістігімен құттықтады
15:31 10.04.2026 (жаңартылды: 15:36 10.04.2026) Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын Ұлан-Батырда өткен Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент спортшыларымыз жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсеткенін айтты.
Құттықтауда Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова секілді спортшылардың жеңіс тұғырына көтеріліп, ортақ жетістікке зор үлес қосқанына назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің әлемдік жарыстарда көк байрағымызды биікте желбірете берулеріне тілектестік білдірді.
Еске салайық, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды. Команда 13 медаль жеңіп алды: 6 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде.
Олардың арасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай да бар. Ол алтын медаль жеңіп алып, алғаш рет Азия чемпионы атанды.