Жақын күндері Байқоңырдан "Союз-5" зымыраны ұшырылады

Союз - 5 зымыраны - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Жазылу
Жоба соңғы сатыға таяды
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Ресей мен Қазақстанның бірлескен "Бәйтерек" жобасы аясында жүзеге асатын "Союз-5" зымыраны таяу күндері ұшырылады, деп хабарлады бейсенбіде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.
"Жоба соңғы сатысында. Біз ұшатын күнді күтудеміз. Санаулы күннен кейін барлығымыз жақсы жаңалықтарды естиміз деген үміттеміз", - деді Оралмағамбетов ресейлік ғарыш форумында.
"Бәйтерек" - "Байқоңыр" ғарыш айлағының 45 нөмірлі алаңын жаңғырту бойынша Ресей мен Қазақстанның бірлескен жобасы. Ол жерден бұған дейін "Зенит" зымырандары ұшырылған. Модернизациядан кейін мұнда ресейлік жаңа "Союз - 5" зымырандары ұшырылатын болады.
На Байконуре собрали ракету Союз-2.1а с грузовым кораблём Прогресс МС-33 - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
"Союз-5" зымыраны Байқоңырдың ұшыру алаңына орнатылды
Жаңалықтар
0