Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

© Sputnik / Абзал КалиевМужчина с телефоном в руках
Мужчина с телефоном в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Жазылу
Алаяқтар арнайы жалған интерфейс жасап, оны "eGov порталы" секілді етіп безендіреді
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Spytnik. Қазақстан аумағында интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа алаяқтық схема бойынша азаматтардың ұялы телефонына ресми мемлекеттік байланыс орталығы нөмірінен хабарлама келіп түседі. Хабарлама мәтінінде сізге әкімшілік айыппұл салынғаны туралы ақпарат беріліп, оны тексеру немесе төлеу үшін сілтеме ұсынылады. Бір қарағанда ұсынылған сілтеме ресми мемлекеттік порталға ұқсас болып көрінеді. Алайда бұл жалған сайт.
"Алаяқтар арнайы жалған интерфейс жасап, оны "eGov порталы" секілді етіп безендіреді. Ең қауіптісі: бұл жалған сайтта кез келген көлік нөмірін немесе ЖСН-ды енгізсеңіз де, жүйе автоматты түрде "айыппұл бар" деген жалған ақпарат көрсетеді. Бұл – қолданушыны алдап, сенімін арттыру үшін жасалған айла. Одан әрі "төлеу" батырмасын басқан жағдайда, сайт сізден банк картасының толық деректерін енгізуді сұрайды. Бұл мәліметтер алаяқтардың қолына түскен сәтте, сіздің қаражатыңыз заңсыз шешіліп алынуы мүмкін", - дейді полиция.
Алаяқтықтың басты белгісі — қате дерек енгізсеңіз де, жүйе "айыппұл бар" деген жалған ақпарат көрсетеді. Бұл — азаматтарды шатастырып, шұғыл түрде "айыппұл төлеуге" итермелеу үшін жасалған психологиялық тәсіл.
Назар аударыңыз:
мемлекеттік органдар SMS арқылы жеке немесе банктік деректерді енгізуді талап етпейді;
ресми айыппұл тек сенімді платформалар арқылы тексеріледі.
Полиция айыппұлды тек ресми көздер арқылы тексеруге кеңес берді.
Жаңалықтар
0