https://sputnik.kz/20260409/eaeo-da-iri-gabaritti-zhane-auyr-zhuk-kolikterine-ruqsat-beru-tartibi-zhenildetiledi-62509937.html
ЕАЭО-да ірі габаритті және ауыр жүк көліктеріне рұқсат беру тәртібі жеңілдетіледі
ЕАЭО-да ірі габаритті және ауыр жүк көліктеріне рұқсат беру тәртібі жеңілдетіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдері үшін ауыр және ірі габаритті жүк көліктеріне арналған рұқсаттарды беру мерзіміне... 09.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-09T09:51+0500
2026-04-09T09:51+0500
2026-04-09T09:51+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/1416/23/14162319_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_c153613e3cdb1d98fe63946c7d233ee1.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдері үшін ауыр және ірі габаритті жүк көліктеріне арналған рұқсаттарды беру мерзіміне қатысты ұсыныстарды мақұлдады.Құжат барлық мүше мемлекет үшін арнайы рұқсаттарды беру және олардың қолданылу мерзімін айқындауға қатысты ортақ ұсынымдарды, өтініштің нысаны мен онда көрсетілетін мәліметтерді, сондай-ақ әрбір елде рұқсат беруге жауапты бірыңғай органды белгілеуді қарастырады.Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне мынадай мерзімдерді бекіту ұсынылады:Халықаралық жүк тасымалы басталатын күннен бұрын өтінішті ең кемі 45 күн бұрын беру керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1416/23/14162319_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_e7a3ef84503c22ab6820a4a00f8e0643.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО-да ірі габаритті және ауыр жүк көліктеріне рұқсат беру тәртібі жеңілдетіледі
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдері үшін ауыр және ірі габаритті жүк көліктеріне арналған рұқсаттарды беру мерзіміне қатысты ұсыныстарды мақұлдады.
Құжат барлық мүше мемлекет үшін арнайы рұқсаттарды беру және олардың қолданылу мерзімін айқындауға қатысты ортақ ұсынымдарды, өтініштің нысаны мен онда көрсетілетін мәліметтерді, сондай-ақ әрбір елде рұқсат беруге жауапты бірыңғай органды белгілеуді қарастырады.
Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне мынадай мерзімдерді бекіту ұсынылады:
егер маршрутты келісу қажет болмаса – арнайы рұқсатқа өтініш тіркелгеннен кейін және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес арнайы рұқсат алу үшін қажетті барлық рәсім аяқталғаннан соң 24 жұмыс сағаты ішінде рұқсат берілуге тиіс;
егер маршрутты келісу қажет болса – арнайы рұқсатқа өтініш тіркелгеннен кейін және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес арнайы рұқсат алу үшін қажетті барлық рәсім аяқталғаннан соң 10 жұмыс күні ішінде рұқсат берілуге тиіс.
төтенше жағдай кезінде – өтініш тіркелген сәттен бастап 3 сағат ішінде беріледі.
Халықаралық жүк тасымалы басталатын күннен бұрын өтінішті ең кемі 45 күн бұрын беру керек.