https://sputnik.kz/20260409/aqsh-azirge-turkiyadan-ukraina-boyynsha-kelissoz-uyymdastyrudy-suragan-zhoq--derekkoz-62517235.html
АҚШ әзірге Түркиядан Украина бойынша келіссөз ұйымдастыруды сұраған жоқ – дереккөз
АҚШ әзірге Түркиядан Украина бойынша келіссөз ұйымдастыруды сұраған жоқ – дереккөз
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. АҚШ тарапынан әзірге Ыстанбұлда Украина дағдарысын реттеуді көздейтін келіссөз ұйымдастыруға қатысты нақты бастама түспеген. Бұл... 09.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-09T14:46+0500
2026-04-09T14:46+0500
2026-04-09T14:46+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23382824_0:188:3111:1937_1920x0_80_0_0_cda5847dd80329e53b59025450c66512.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. АҚШ тарапынан әзірге Ыстанбұлда Украина дағдарысын реттеуді көздейтін келіссөз ұйымдастыруға қатысты нақты бастама түспеген. Бұл туралы РИА Новостиге Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлады.Украина дағдарысын реттеу бойынша келіссөз уақытша тоқтатылған, бірақ Ресей, Украина және АҚШ – тараптардың ешқайсысы одан бас тартқан жоқ, деп бұған дейін РФ СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник мәлімдеген болатын.Оның айтуынша, Ыстамбұл Украина бойынша жоғары деңгейдегі кездесулер үшін әлі де мінсіз орын болып саналады, бірақ ол үшін алдымен атысты тоқтату қажет.Ресей мен Украина бұған дейін Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш кезеңін өткізген. Нәтижесінде тұтқын алмасылды. Тараптар қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен де алмасқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/09/23382824_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_10ec002ef0578cffcf41fc4a769b7bf6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ әзірге Түркиядан Украина бойынша келіссөз ұйымдастыруды сұраған жоқ – дереккөз
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. АҚШ тарапынан әзірге Ыстанбұлда Украина дағдарысын реттеуді көздейтін келіссөз ұйымдастыруға қатысты нақты бастама түспеген. Бұл туралы РИА Новостиге Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлады.
Украина дағдарысын реттеу бойынша келіссөз уақытша тоқтатылған, бірақ Ресей, Украина және АҚШ – тараптардың ешқайсысы одан бас тартқан жоқ, деп бұған дейін РФ СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник мәлімдеген болатын.
"Қазіргі уақытта америкалық тараптан Ыстамбұлдағы келіссөз процесін ұйымдастыруға қатысты нақты бастама немесе хабарлама түскен жоқ. Түркия бұрынғыдай қақтығысты реттеу мақсатындағы кез келген дипломатиялық күш-жігерге көмектесуге дайын, алайда практикалық қадамдарға өту үшін барлық қатысушы тараптың нақты ұстанымы мен келісімі қажет", – деді агенттік дереккөзі.
Оның айтуынша, Ыстамбұл Украина бойынша жоғары деңгейдегі кездесулер үшін әлі де мінсіз орын болып саналады, бірақ ол үшін алдымен атысты тоқтату қажет.
"Ыстанбұл әлі де жоғары деңгейдегі келіссөздер үшін оңтайлы алаң ретінде қарастырылып жатыр, алайда мұндай кездесулерге көшу үшін атысты тоқтату қажет. Осы шартсыз толыққанды саммит өткізу қиын", – деді агенттік дереккөз.
Ресей мен Украина бұған дейін Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш кезеңін өткізген. Нәтижесінде тұтқын алмасылды. Тараптар қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен де алмасқан.