https://sputnik.kz/20260408/zeynetaqy-zhinagyn-paydalanu-shegi-qashan-koteriledi-62504619.html
Зейнетақы жинағын пайдалану шегі қашан көтеріледі
Зейнетақы жинағын пайдалану шегі қашан көтеріледі
Sputnik Қазақстан
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шектері бірыңғай зейнетақы қорының ресми сайтында жаңа жылға бір ай қалғанда жарияланады 08.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-08T18:29+0500
2026-04-08T18:29+0500
2026-04-08T18:42+0500
министрлік
зейнетақы жинағы
ұлттық қор
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866250_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3db2e50f1e3d14411294ee25d61ae8d8.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдадану шегі қашан көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұған дейін министр зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдадану шегін тағы 10 процентке көтеру жайында айтқан болатын. Қазіргі кезде үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Бұл құжат басқа мемлекеттік органдарға келісу үшін жіберілген.Вице-министр Виктория Шегайдың айтуынша, бүгінде зейнетақы жинақтарын пайадалану әдістемесі қайта қаралып жатыр. Бірақ әзірше нақты шешім жоқ.Осы орайда вице-министр жеткіліктілік шегін көтеру тәртібін түсіндірді. Әлеуметтік кодекске сәйкес, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шектері бірыңғай зейнетақы қорының ресми сайтында жаңа жылға бір ай қалғанда жарияланады."Негізі, 5 жылдың ішінде 5 триллион теңгеден астам қаржы алынған болатын. Соның ішінде шамамен 1 триллион теңгені 35 жасқа дейінгі азаматтар пайдаланған. Ондай жағдай алаңдаушылыққа негіз бола алады", — деді Шегай.
https://sputnik.kz/20260326/zeynetaqy-zhinagyn-paydalanu-shegi-tagy-koteriledi-62184953.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866250_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_61f1d6fee193a4f09422f69b0414dcab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, зейнетақы жинағы, ұлттық қор
министрлік, зейнетақы жинағы, ұлттық қор
Зейнетақы жинағын пайдалану шегі қашан көтеріледі
18:29 08.04.2026 (жаңартылды: 18:42 08.04.2026) Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шектері бірыңғай зейнетақы қорының ресми сайтында жаңа жылға бір ай қалғанда жарияланады
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдадану шегі қашан көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін министр зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдадану шегін тағы 10 процентке көтеру жайында
айтқан болатын. Қазіргі кезде үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Бұл құжат басқа мемлекеттік органдарға келісу үшін жіберілген.
Вице-министр Виктория Шегайдың айтуынша, бүгінде зейнетақы жинақтарын пайадалану әдістемесі қайта қаралып жатыр. Бірақ әзірше нақты шешім жоқ.
"2026 жылы жеткіліктілік шегі көтерілген болатын. Биыл тағы көтерілмейді", - деді Шегай.
Осы орайда вице-министр жеткіліктілік шегін көтеру тәртібін түсіндірді. Әлеуметтік кодекске сәйкес, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шектері бірыңғай зейнетақы қорының ресми сайтында жаңа жылға бір ай қалғанда жарияланады.
"Негізі, 5 жылдың ішінде 5 триллион теңгеден астам қаржы алынған болатын. Соның ішінде шамамен 1 триллион теңгені 35 жасқа дейінгі азаматтар пайдаланған. Ондай жағдай алаңдаушылыққа негіз бола алады", — деді Шегай.