https://sputnik.kz/20260408/uagyzdyn-ornyna-u-agyzady-deputat-teris-agymdardyn-kusheyip-bara-zhatqanyn-malimdedi-62491336.html
"Уағыздың орнына у ағызады": депутат теріс ағымдардың күшейіп бара жатқанын мәлімдеді
"Уағыздың орнына у ағызады": депутат теріс ағымдардың күшейіп бара жатқанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Депутат Қазыбек Иса теріс діни ағымдардың күшейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 08.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-08T14:27+0500
2026-04-08T14:27+0500
2026-04-08T14:30+0500
уағыз
дін
дін қызметкері
қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
діни экстремизм
деструктивті діни ағымдар
дін туралы заң
дін істері
https://sputnik.kz/img/310/88/3108868_0:180:3500:2149_1920x0_80_0_0_94b122aba88b8bd19bd85a842946ac0b.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Депутат Қазыбек Иса теріс діни ағымдардың күшейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістің бүгінгі отырысында Иса бас прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне депутаттық сауал жолдап, "уағыздың орнына у ағызатындарды" тыюды талап етті.Оның айтуынша, асыл дініміз исламды ең қауіпті ағымға айналдыру үшін барын салып жатқандар қайтадан күшейіп келеді.Осы орайда ол Испанияның тәжірибесін еске салды. Ол жақта Құранға немесе Мұхаммед пайғамбарға тиіскендерді заңды түрде түрмеге жауып тастайды.Ал мемлекет мұндай қауіптерге қарсы әрекет етпесе, арты әлеуметтік қақтығыстарға, экстремистік әрекеттерге, қоғамдық тұрақсыздыққа алып келеді."Қауіп төніп тұрғанда заң арқылы шара қолдану – ең дұрыс шешім. Заңмен тыйым салу – бұл бостандықты шектеу емес, қауіптің алдын алу. Бұл – дінге қарсы емес, керісінше, дінді қорғау үшін теріс мақсатты ұйымдарға қарсы бағытталған шара", - дейді депутат.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/310/88/3108868_197:0:3304:2330_1920x0_80_0_0_e2405e63713a7baecf41fdc2999082bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
уағыз, дін, дін қызметкері, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар, дін туралы заң, дін істері
уағыз, дін, дін қызметкері, қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, діни экстремизм, деструктивті діни ағымдар, дін туралы заң, дін істері
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Депутат Қазыбек Иса теріс діни ағымдардың күшейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің бүгінгі отырысында Иса бас прокуратура мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне депутаттық сауал жолдап, "уағыздың орнына у ағызатындарды" тыюды талап етті.
"Ұлтты ұйыстыратын, жұртты көркем мінезді имандылыққа шақыратын уағыздың орнына у ағызып, ұлтқа қарсы шығып отырғандарды қалай ұстаз деуге болады? Уағызды кім көрінген айту қашан тоқтайды? Оларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қандай шешім, қандай бәтуа шығарып отыр?",-дейді Иса.
Оның айтуынша, асыл дініміз исламды ең қауіпті ағымға айналдыру үшін барын салып жатқандар қайтадан күшейіп келеді.
"Терісін ауыстырып алған теріс ағымдағылар елді екіге бөліп, мылтықсыз майданда мыңдаған жастарымызды қазақтың қатарынан шығарып қана қоймай, ұлтты жою үшін қазаққа қарсы қауіпті күштерге айналдырып жатыр", - деп атап өтті депутат.
Осы орайда ол Испанияның тәжірибесін еске салды. Ол жақта Құранға немесе Мұхаммед пайғамбарға тиіскендерді заңды түрде түрмеге жауып тастайды.
"Ал біздің құдайдан қорықпайтындар желілерде желігіп, Аса Құдыретті Алланы, қасиетті Құранымыз бен пайғамбарларды мазақ етіп, ауыздарына келгенін айтуда. Исламға қарсы белсенділік танытып, ұлттық санаға манипулияция жасауға тырысып, діни сенім мен құндылықтарға күмән туғызуда", - деді Иса.
Ал мемлекет мұндай қауіптерге қарсы әрекет етпесе, арты әлеуметтік қақтығыстарға, экстремистік әрекеттерге, қоғамдық тұрақсыздыққа алып келеді.
"Қауіп төніп тұрғанда заң арқылы шара қолдану – ең дұрыс шешім. Заңмен тыйым салу – бұл бостандықты шектеу емес, қауіптің алдын алу. Бұл – дінге қарсы емес, керісінше, дінді қорғау үшін теріс мақсатты ұйымдарға қарсы бағытталған шара", - дейді депутат.