https://sputnik.kz/20260408/shegirtkege-qarsy-kureske-100-den-astam-dron-zhumyldyrylady-62479846.html
Шегірткеге қарсы күреске 100-ден астам дрон жұмылдырылады
Шегірткеге қарсы күреске 100-ден астам дрон жұмылдырылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткеге қарсы күрес маусымына дайындық аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары паркін әзірлеу жұмыстары... 08.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-08T09:56+0500
2026-04-08T09:56+0500
2026-04-08T09:56+0500
дрон
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62478201_237:106:1055:566_1920x0_80_0_0_cb2c8bcb537da3766fbc987d728c9216.png
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткеге қарсы күрес маусымына дайындық аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары паркін әзірлеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.Биыл ауыл шаруашылығы алқаптарын нүктелік әдіспен химиялық өңдеу үшін 46 агродронды пайдалану жоспарланған.Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы алқаптарына мониторинг жүргізетін "Фитосанитариялық қауіпсіздік және болжамдар әдістемелік орталығы" РМК-ның техникалық паркі айтарлықтай кеңейді. Мәселен, былтыр орталық 2024 жылдың соңында сатып алынған 7 дронды пайдаланса, 2025 жылдың желтоқсанында қосымша 50 құрылғы сатып алынды.Осылайша, қадағалау барысында 57 ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану маусымға дайындық деңгейін айтарлықтай арттырып, фитосанитариялық қауіптерге тиімді әрі жедел әрекет етуге жол ашады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62478201_288:99:991:626_1920x0_80_0_0_eeddd1c839d83a233d55a77e12c6ffb7.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон, ауыл шаруашылығы министрлігі
дрон, ауыл шаруашылығы министрлігі
Шегірткеге қарсы күреске 100-ден астам дрон жұмылдырылады
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі шегірткеге қарсы күрес маусымына дайындық аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары паркін әзірлеу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді.
Биыл ауыл шаруашылығы алқаптарын нүктелік әдіспен химиялық өңдеу үшін 46 агродронды пайдалану жоспарланған.
"Үйірлі шегіртке түрлері дала, шөл және таулы аймақтарда, сондай-ақ өзен аңғарларында таралады. Мұндай жерлерде жерүсті техниканы қолдану қиындық тудырады. Сондықтан ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану зиянкестер ошақтарын жедел анықтауға мүмкіндік береді, мониторинг жүргізу үдерісін едәуір жеделдетеді және зерттелетін аумақтардың қамту аясын кеңейтеді", - делінген ведомство хабарламасында.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы алқаптарына мониторинг жүргізетін "Фитосанитариялық қауіпсіздік және болжамдар әдістемелік орталығы" РМК-ның техникалық паркі айтарлықтай кеңейді. Мәселен, былтыр орталық 2024 жылдың соңында сатып алынған 7 дронды пайдаланса, 2025 жылдың желтоқсанында қосымша 50 құрылғы сатып алынды.
Осылайша, қадағалау барысында 57 ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану маусымға дайындық деңгейін айтарлықтай арттырып, фитосанитариялық қауіптерге тиімді әрі жедел әрекет етуге жол ашады.