Перизат Қайрат тазалаушы болып жұмыс істеп жүр

© Photo : Әлеуметттік желіПеризат Қайрат
Перизат Қайрат - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Жазылу
Былтыр Перизат 10 жылға, ал анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Түрмеде жазасын өтеп жүрген Перизат Қайрат тазалаушы болып жұмысқа тұрды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ақпаратына сәйкес, Перизат Қайрат қызметкерлердің үй-жайларын тазалайды.
"Ол қызметтік үй-жайларды тазалау жұмыстарын істейді", - дейді комитет мамандары.
Айта кетері, Перизат Қайрат пен оның анасы қайырымдылық қорына түскен 3,5 млрд теңгені жымқырғаны үшін сотталған болатын.
Былтыр Перизат 10 жылға, ал анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Перизат Қайрат - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Перизат Қайраттан тәркіленген мүлік пен ақшаны не істейді - агенттік жауабы
Жаңалықтар
0