Мәжілісте 200 мың теңге алатын мамандардың мәселесі көтерілді

Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Жазылу
Қаладағы мәдениет үйі қызметкерлерінің жалақысы тіптен аз
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Депутат Нартай Сәрсенғалиев мәдениет қызметкерлерінің жалақы мәселесін шешуді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде ауыл мен ауданда ұлт руханияты үшін өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың айлығы шайлығына жетпейді.
"Маған жеткен мың мысалдың біреуін тілге тиек етейін. Мәдениет үйінде 20 жыл еңбек еткен адамның 200 мың теңге көлемінде айлық алғанда ашынғаннан ащы даусы шыққаны заңдылық емес пе?! Сыйақы мен үстемақы атаулыдан қағылып қалады көбісі. Мұндай мысал мың", - деді Сәрсенғалиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, консерватория мен өнер академиясын тәмамдағандардың ауылға бармайтын себебі сол.
"Қазір кей ауылдағы мәдениет үйлерінде өзі ұйымдастырушы, өзі режиссер, өзі сценарист, өзі жүргізуші, өзі көркемдік жетекші болып жүрген жандар да бар екен. Өкінішті-ақ. Табысқа тәуелді тағы бір түйткіл, ауылдық мәдениет үйлеріндегі директорларға жұмыс өтілі де, санаты да саналмайды. Салдарынан олар қатардағы қызметкерлерден аз айлық алады. Бұл да түйіні тарқамаған түйткіл", - деді депутат.
Ал қаладағы мәдениет үйі қызметкерлерінің жалақысы тіптен аз. Себебі оларға ауылға берілетін 25 проценттік үстеме қосылмайды екен. Осыған байланысты Сәрсенғалиев үкіметке депутаттық сауалмен бірге бірнеше ұсынысын жолдады. Олар:
1.
Ауылдық және аудандық мәдениет ұйымдарына күрделі жөндеу жасап, материалдық базасын жаңарту;
2.
Мәдениет саласы қызметкерлеріне мереке және демалыс күндері атқарған жұмысы үшін заңнамаға сәйкес қосымша ақы төлеуді қатаң бақылап, жұмыс уақыты мен еңбек жүктемесін нақты регламенттеу;
3.
Мәдениет саласындағы мамандарды қолдау мақсатында олардың көтермеақы, санитарлық-курорттық демалыс, тұрғын үй секілді әлеуметтік пакетке қол жеткуі үшін жұмыс өтілі, белсенділігі, жетістігі ескерілетін нақты критерийлер енгізу;
4.
Мәдениет саласы қызметкерлерінің қоғам дамуындағы айрықша еңбегін ескеріп олардың табысын тұрақты түрде арттыру.
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2026
Мәжіліс пен сенаттың бірлескен комиссиясына кіретін депутаттар анықталды
Жаңалықтар
0