https://sputnik.kz/20260408/kele-goy-aynalayyn-abay-oblysynda-atty-politsey-zhogalgan-balany-daladan-tauyp-aldy-62502731.html
"Келе ғой, айналайын": Абай облысында атты полицей жоғалған баланы даладан тауып алды
"Келе ғой, айналайын": Абай облысында атты полицей жоғалған баланы даладан тауып алды
Sputnik Қазақстан
Бала ауылдан үш шақырым жерден астам жерге кетіп қалған 08.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-08T16:35+0500
2026-04-08T16:35+0500
2026-04-08T16:35+0500
абай облысы
жергілікті полиция
жоғалып кетті
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Абай облысы Ақсуат ауданы Сәтпаев ауылында үш жастағы бала жоғалып кетті. Баланы аудандық полиция бөлімінің майоры аға криминалист Бақытбек Лиясханов тауып алды. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция қызметкерінің өзі айтып берді.Бала Сәтпаев ауылына қарасты Үшінші ферма деген жерде жоғалған. Атасы мен апасының қолында жүрген үш жасар бүлдіршіннен таңғы сағат жеті жарымда көз жазып қалған.Полиция болып, тұрғындар болып, ой-шұңқырды түгел қарап шығады. Бірақ бала табылмайды."Жаяу шеңгелдің түбінің бәрін қарадым. Сосын сол ауылдағы бір тұрғынның атын ерттеп мініп іздеуге шықтым. Жарты сағаттай шауып жүріп қарасам, бір жерде баланың аяқ киімі балшыққа батып қалыпты. Ары қарай тағы шапқылап іздей бердім. Сөйтіп баланы шеңгелдің түбінен тауып алдым", - дейді Бақытбек Лиясханов.Бала ауылдан үш шақырым жерден астам жерге кетіп қалған. Аттылы адамды көргенде маңайламаған.Айта кетейік, баланы құтқарған Бақытбек Лиясханов бұл салада 13 жылдан бері еңбек етіп келеді.
https://sputnik.kz/20260406/appaq-bolyp-qyrattyn-korindi-akim-bogettin-ne-sebepti-buzylganyn-aytyp-berdi-62436853.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
абай облысы, жергілікті полиция, жоғалып кетті
абай облысы, жергілікті полиция, жоғалып кетті
"Келе ғой, айналайын": Абай облысында атты полицей жоғалған баланы даладан тауып алды
Бала ауылдан үш шақырым жерден астам жерге кетіп қалған
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Абай облысы Ақсуат ауданы Сәтпаев ауылында үш жастағы бала жоғалып кетті. Баланы аудандық полиция бөлімінің майоры аға криминалист Бақытбек Лиясханов тауып алды. Оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция қызметкерінің өзі айтып берді.
Бала Сәтпаев ауылына қарасты Үшінші ферма деген жерде жоғалған. Атасы мен апасының қолында жүрген үш жасар бүлдіршіннен таңғы сағат жеті жарымда көз жазып қалған.
"Ауыл болып іздеп, баланы таппаған соң, сағат 11:00 шамасында полицияға хабарласқан. Мен аудан орталығынан дереу шығып, бала жоғалған жерге бардым", - дейді аға криминалист Бақытбек Лиясханов.
Полиция болып, тұрғындар болып, ой-шұңқырды түгел қарап шығады. Бірақ бала табылмайды.
"Жаяу шеңгелдің түбінің бәрін қарадым. Сосын сол ауылдағы бір тұрғынның атын ерттеп мініп іздеуге шықтым. Жарты сағаттай шауып жүріп қарасам, бір жерде баланың аяқ киімі балшыққа батып қалыпты. Ары қарай тағы шапқылап іздей бердім. Сөйтіп баланы шеңгелдің түбінен тауып алдым", - дейді Бақытбек Лиясханов.
Бала ауылдан үш шақырым жерден астам жерге кетіп қалған. Аттылы адамды көргенде маңайламаған.
"Бала шошып қалған. Табанына тікен кіріп кетіпті, тікенін тазалап бердім. Бала бірден келе қойған жоқ, қорқып қалған. Жылап-жылап көзі ісіп кетіпті", - дейді полицей.
Айта кетейік, баланы құтқарған Бақытбек Лиясханов бұл салада 13 жылдан бері еңбек етіп келеді.