Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украина қақтығысын шешуге оптимистік көзқараспен қарайды - вице-президент Вэнс

© Пресс-служба президента АрменииДжей Ди Вэнс
Джей Ди Вэнс - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Жазылу
Вэнс келіссөздерде Ресей мен Украинаның ұстанымдары әлі толық сәйкес келмейтінін мәлімдеді
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. АҚШ Украина қақтығысын шешуге оптимистік көзқараспен қарайды, деп мәлімдеді АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс.
"Біз әлі ақырғы ілгерілеушілікке қол жеткізген жоқпыз, бірақ мен бұған өте оптимистік көзқараспен қараймын", - деді Вэнс Венгриядағы іс-шарада сөйлеген сөзінде.
Ол қақтығысты шешу бойынша келіссөздерде Ресей мен Украинаның ұстанымдары біртіндеп бір-біріне жақындап келе жатқанын айтты.
Сонымен қатар Вэнс келіссөздерде Ресей мен Украинаның ұстанымдары әлі толық сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта, әрине, Ресей Федерациясы мен Украинаның ұстанымдары толық сәйкес келмейді. Егер олар сәйкес келсе, қақтығыс қазірдің өзінде аяқталған болар еді", - деді Вэнс Будапешттегі MCC институтында сөйлеген сөзінде.
Президент США Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Вэнс Трамптың Украина бойынша не үшін келісімге қол жеткізгісі келетінін айтты
Жаңалықтар
0