https://sputnik.kz/20260407/qazaqstan-men-germaniya-munay-tasymalyn-talqylady-62471599.html
Қазақстан мен Германия мұнай тасымалын талқылады
Қазақстан мен Германия мұнай тасымалын талқылады
Sputnik Қазақстан
Бұрын жасалған келісімдер нәтижесінде "Дружба" мұнай құбыры арқылы тасымал көлемі тұрақты түрде өсіп келеді 07.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-07T21:45+0500
2026-04-07T21:45+0500
2026-04-07T21:45+0500
қазақстан
германия
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e9/09/09/56927539_11:0:822:456_1920x0_80_0_0_807a4258c79770a061899906bc04e765.jpg
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Баварияның (ГФР) халықаралық ынтымақтастық пен Еуропа мәселелері жөніндегі министрі Эрик Байсвенгермен кездесті.Кездесу барысында Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауытына отандық мұнайды жеткізу жайы талқыланды.Министрдің айтуынша, бұрын жасалған келісімдер нәтижесінде "Дружба" мұнай құбыры арқылы тасымал көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. 2023 жылы көрсеткіш 1 млн тоннадан асса, 2025 жылы 2,1 млн тоннаға жеткен. 2026 жылы бұл көлемді 2,5 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.Министрлер Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы жаңартылатын энергия көздері жобаларын, Алматы ЖЭО-2 жаңғыртуды және "Түркістан" бу-газ электр станциясының құрылысын талқылады.
https://sputnik.kz/20260407/teniz-ken-ornynda-munay-ondirisi-qalpyna-keltirildi-62471489.html
қазақстан
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/09/56927539_177:0:785:456_1920x0_80_0_0_8f9c1726a49cb4c1233619a9149b972c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, германия, мұнай
қазақстан, германия, мұнай
Қазақстан мен Германия мұнай тасымалын талқылады
Бұрын жасалған келісімдер нәтижесінде "Дружба" мұнай құбыры арқылы тасымал көлемі тұрақты түрде өсіп келеді
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Баварияның (ГФР) халықаралық ынтымақтастық пен Еуропа мәселелері жөніндегі министрі Эрик Байсвенгермен кездесті.
"Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Бавария арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Әсіресе, қазақстандық мұнай жеткізілімдерін дамытуға ерекше назар аударылды", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу барысында Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауытына отандық мұнайды жеткізу жайы талқыланды.
Министрдің айтуынша, бұрын жасалған келісімдер нәтижесінде "Дружба" мұнай құбыры арқылы тасымал көлемі тұрақты түрде өсіп келеді. 2023 жылы көрсеткіш 1 млн тоннадан асса, 2025 жылы 2,1 млн тоннаға жеткен. 2026 жылы бұл көлемді 2,5 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Министрлер Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы жаңартылатын энергия көздері жобаларын, Алматы ЖЭО-2 жаңғыртуды және "Түркістан" бу-газ электр станциясының құрылысын талқылады.