ЕАЭО мен Пәкістан еркін сауда туралы келісім жасауға ниетті

© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев пен Пәкістанның федералдық сауда министрі Джам Камал Хан кездесті
ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев пен Пәкістанның федералдық сауда министрі Джам Камал Хан кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2026
Жазылу
ЕЭК министрі Пәкістанды Оңтүстік Азия өңіріндегі перспективалы серіктестердің бірі деп атады
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев пен Пәкістанның федералдық сауда министрі Джам Камал Хан кездесті.
Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттер Оңтүстік Азия елдерімен өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән береді, деп атап өтті Слепнев.
"Біз Пәкістанды өңірдегі перспективалы серіктестердің бірі ретінде қарастырамыз: елдеріміз арасындағы сауда қарқынды дамып келеді және оны кеңейту үшін айтарлықтай әлеуетке ие", – деді ЕЭК министрі.
Тараптар еркін сауда туралы келісім жасасудың тиімділігін зерделеу үшін бірлескен зерттеу тобын құру үдерісін бастауға келісті.
"Пәкістан үшін ЕАЭО-мен ынтымақтастықты тереңдету сауда мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар логистика, энергетика, цифрлық сауда, өнеркәсіп және жеткізу тізбектерін интеграциялау сияқты салаларда стратегиялық әріптестік орнатуды білдіреді", – деп атап өтті Джам Камал Хан.
Жаңалықтар
0