Жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша 36 іс-шара өткізіледі

© Photo : Қазақстан президентінің баспасөз қызметіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Үкімет Қазақстан Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжатқа сәйкес елде үш бағыт бойынша 36 іс-шара өтеді. Атап айтқанда, ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында Конституция мәтінін басып шығару және тарату, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта әзірлеу жұмыстары атқарылады. Конституция электронды платформаларда орналастырылады.
Сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-көрнекі безендіру, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарланған.
"Халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыру ісіне көңіл бөлінуде. Жоспарға оқыту семинарлары мен білім беру іс-шараларын өткізу, мектеп және ЖОО бағдарламаларының мазмұнын жаңарту, "Құқық негіздері" және "Заң мен тәртіп" курстарын, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдарын әзірлеу кіреді", - деп жазылған үкімет хабарламасында.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бірқатар іс-шара мен кешенді медиа-жоспар әзірленді.
Конституцияның жүзеге асырылуын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде заңнамалық шараларды іске асыру, қолданыстағы заңнаманы талдау, Негізгі Заңның нормаларын ескере отырып, стратегиялар мен тұжырымдамаларды өзектендіру шаралары бөлек қарастырылған.
 В регионах Казахстана в День Республики открылись новые школы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Жаңа Конституция: мектепте жаңа пәндік курстар енгізіледі
Жаңалықтар
0