Жамбыл облысында аминқышқылдар өндіретін теңдессіз жоба іске қосылды

© Photo : Жамбыл облысының әкімдігіЖамбыл облысында аминқышқылдар өндіретін теңдессіз жоба іске қосылды
Жамбыл облысында аминқышқылдар өндіретін теңдессіз жоба іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта сынақтық тәртіпте алғашқы өнім изолейцин мен лейцин алынды
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында Орталық Азияда теңдесі жоқ аминқышқылдарын өндіретін жоба іске қосылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жамбыл облысының Шу ауданында жүгеріні терең өңдеуге бағытталған стратегиялық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Өндірістік кешен "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағында салынып жатыр. Жобаға Shengtai Biotech Co., Ltd Fufeng Group компаниясы қатысып жатыр.
"Қазіргі таңда кәсіпорынның алғашқы кезеңі аяқталды. Зауыт сұранысқа ие аминқышқылдарын, соның ішінде валин, треонин, глутамин және цитруллин өндіруге бағытталған", - дейді министрлікте.
Қазіргі уақытта сынақтық тәртіпте алғашқы өнім изолейцин мен лейцин алынды. Бұл отандық өнеркәсіп үшін аса маңызды оқиға. Өйткені тармақталған тізбекті алмастырылмайтын аминқышқылдарын өндіру Қазақстанда және жалпы Орталық Азия өңірінде алғаш рет игерілді.
"Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жыл сайын 3 миллион тоннаға дейін жүгері өңделіп, 1700 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жалпы инвестиция көлемі 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайды, кәсіпорын аумағы 400 гектарды қамтыған", - дейді ауыл шаруашылығы министрлігінде.
Өндірілген өнімдер Орталық Азия, Еуропа, Америка және Африка елдеріне экспортталатын болады.
Қарағандыда керамикалық бұйымдар шығаратын зауыт салынып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2026
Қарағандыда керамикалық бұйымдар шығаратын зауыт салынып жатыр
Жаңалықтар
0