Түркияда Қазақстан азаматы оқ жарақатынан көз жұмды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуАнкара қаласы
Анкара қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Түркияда қазақстандық оқ жарақатынан көз жұмды, деп жазады Haberler басылымы.
Марқұм жеке компанияда курьер болып жұмыс істеген. Қазір Қазақстан азаматының өліміне қатысты екі күдікті Едирнеде ұсталғаны белгілі.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, белгісіз біреулер көшеде оған оқ атып, оқиға орнынан жасырынған.
Сыртқы істер министрлігі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 31 наурызда Ыстанбұлдың Фатих ауданында болған.
"Ыстанбұлдағы Қазақстанның Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл оқиға бақылауда", - делінген мәлімдемеде.
Түркияның құзыретті органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Здание министерства иностранных дел Казахстана в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2026
Жеті жастағы Қазақстан азаматы Грузиядан қайтарылды
Жаңалықтар
0