https://sputnik.kz/20260406/turkiya-ukraina-maselesi-boyynsha-kelissoz-qayta-bastalady-dep-umittenedi--derekkoz-62441311.html
Түркия Украина мәселесі бойынша келіссөз қайта басталады деп үміттенеді – дереккөз
Түркия Украина мәселесі бойынша келіссөз қайта басталады деп үміттенеді – дереккөз
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Түркия тарапы Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінде туындаған үзіліс ұзаққа созылмайды деп есептейді. Анкара... 06.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-06T14:18+0500
2026-04-06T14:18+0500
2026-04-06T14:18+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/965/18/9651865_0:24:3071:1751_1920x0_80_0_0_7143a590b4cc43ac0f3088f684670b68.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Түркия тарапы Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінде туындаған үзіліс ұзаққа созылмайды деп есептейді. Анкара тараптардан сұраныс түскен жағдайда кез келген уақытта келіссөзді ұйымдастыруға дайын. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлады.Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкара Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөзге қайтадан алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеген болатын.Оның айтуынша, егер тараптардан тиісті сұраныс түссе, Түркия бұрынғыдай келіссөз өткізу үшін алаң мен барлық қажетті жағдайды ұсынуға дайын."Біз байланысты сақтап, жағдайдың дамуын мұқият бақылап отырмыз және жақын уақытта дипломатиялық күш-жігер қайта жанданады деп үміттенеміз", - деп толықтырды дереккөз.Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен үш раунд келіссөз өткізді. Соңғысы 17-18 ақпанда Женевада ұйымдастырылды. Тараптар ешқандай құжатқа қол қоймаған. Жаңа кездесудің өтетін орны мен уақыты әзірге нақтыланған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/965/18/9651865_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_3472c1754c76ffe57ca997cd237fb0f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Түркия Украина мәселесі бойынша келіссөз қайта басталады деп үміттенеді – дереккөз
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Түркия тарапы Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінде туындаған үзіліс ұзаққа созылмайды деп есептейді. Анкара тараптардан сұраныс түскен жағдайда кез келген уақытта келіссөзді ұйымдастыруға дайын. Бұл туралы
РИА Новости агенттігіне Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлады.
Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкара Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөзге қайтадан алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеген болатын.
"Біз келіссөздегі үзіліс ұзаққа созылмайды және тараптар диалогты жалғастыруға мүдделі деп есептейміз", - деді агенттік сұхбаттасушысы.
Оның айтуынша, егер тараптардан тиісті сұраныс түссе, Түркия бұрынғыдай келіссөз өткізу үшін алаң мен барлық қажетті жағдайды ұсынуға дайын.
"Біз байланысты сақтап, жағдайдың дамуын мұқият бақылап отырмыз және жақын уақытта дипломатиялық күш-жігер қайта жанданады деп үміттенеміз", - деп толықтырды дереккөз.
Жыл басынан бері Ресей мен Украина делегациялары АҚШ-тың қатысуымен үш раунд келіссөз өткізді. Соңғысы 17-18 ақпанда Женевада ұйымдастырылды. Тараптар ешқандай құжатқа қол қоймаған. Жаңа кездесудің өтетін орны мен уақыты әзірге нақтыланған жоқ.