Таразда педагог әріптесін сотқа берді

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
Мектеп қызметкері директорға әріптесін жамандаған
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Тараз соты сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған мұғалімнің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғады, деп хабарлайды Жамбыл облыстық соты.
Тараздағы мектеп-интернат педагогы өзін қаралаған педагогтың үстінен сотқа шағымданды.
"Жанжал 2024 жылдың қыркүйегінде болған. Мектеп қызметкері әріптесінің үстінен директорға шағымданған. Ол директорға әріптесін "өсекпен айналысатын, тәрбиешілерге жала жауып, көп мөлшерде ақша жинайтын жемқор" деп жамандаған. Мектеп басшылығы жүргізген ішкі тергеу барысында бұл фактілер расталмады", - дейді сот.
Сот сараптамасы бұл мәліметтер талап қоюшының беделіне нұқсан келтіретін әрекет екенін анықтады.
"Сот іс материалдарын зерттей келе, талап қоюшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқтығы және ақша жинау туралы ақпараты шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді. Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 100 мың теңге көлемінде моральдық зиян өтелді", - дейді Жамбыл облыстық соты.
Жаңалықтар
0