https://sputnik.kz/20260406/saryagash-aynalma-zholynyn-qurylysy-bastaldy-62439710.html
Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды
Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды
Sputnik Қазақстан
Жаңа бағыт қалада көлік жүктемесін азайтып, Өзбекстанға өтетін транзитті жылдамдатады 06.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-06T13:15+0500
2026-04-06T13:15+0500
2026-04-06T13:15+0500
жол
сарыағаш
https://sputnik.kz/img/07ea/04/06/62438350_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_66bfefd1372eb94295b04298458e6b40.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында республикалық маңызы бар "Сарыағаш айналма жолы" автожолының құрылысы ресми түрде басталды, деп хабарлады Көлік министрлігі.Сарыағаш айналма жолын салу транзиттік көлікті қала шегінен шығарып, қалалық жол желісіне түсетін жүктемені азайтады және Өзбекстан бағытындағы қозғалысты едәуір жылдамдатады.Сарыағаш айналма жолының іске асырылуы өңір экономикасына айтарлықтай әсер етеді:Сонымен қатар, Түркістан облысында жол желісін модернизациялау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жобалар аясында негізгі маршруттарда 5 күрделі және орташа жөндеу жұмысы жүзеге асырылуда, олардың жалпы ұзындығы – 99,2 шақырым, соның ішінде транспорттық қиылыстар мен көпірлердің реконструкциясы бар.2026 жылы қозғалысты бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін орната отырып, "Шымкент – Қызылорда" автожолында жалпы ұзындығы 103 шақырым болатын орташа жөндеудің 5 қосымша жобасы жоспарланған, бұл көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 678 шақырым.
сарыағаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/06/62438350_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e1e3b4ec0dfa1652539becf9b072c70a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, сарыағаш
Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды
Жаңа бағыт қалада көлік жүктемесін азайтып, Өзбекстанға өтетін транзитті жылдамдатады
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында республикалық маңызы бар "Сарыағаш айналма жолы" автожолының құрылысы ресми түрде басталды, деп хабарлады Көлік министрлігі.
Сарыағаш айналма жолын салу транзиттік көлікті қала шегінен шығарып, қалалық жол желісіне түсетін жүктемені азайтады және Өзбекстан бағытындағы қозғалысты едәуір жылдамдатады.
"Жоба аясында ұзындығы 102,6 шақырым болатын I-а техникалық санаттағы төрт жолақты заманауи автожол салынады. Жол халықаралық стандарттарға сай жобаланған және қауіпсіз әрі үздіксіз көлік қозғалысына жағдай жасайды", - деп жазылған хабарламада.
Сарыағаш айналма жолының іске асырылуы өңір экономикасына айтарлықтай әсер етеді:
жүк және жолаушылар транзиті жеделдейді,
шекара маңындағы сауданың тартымдылығы артады,
Түркістан облысының халықаралық маршрутардағы көлік түйіні ретіндегі рөлі күшейеді.
Сонымен қатар, Түркістан облысында жол желісін модернизациялау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Жобалар аясында негізгі маршруттарда 5 күрделі және орташа жөндеу жұмысы жүзеге асырылуда, олардың жалпы ұзындығы – 99,2 шақырым, соның ішінде транспорттық қиылыстар мен көпірлердің реконструкциясы бар.
2026 жылы қозғалысты бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін орната отырып, "Шымкент – Қызылорда" автожолында жалпы ұзындығы 103 шақырым болатын орташа жөндеудің 5 қосымша жобасы жоспарланған, бұл көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың ұзындығы – 678 шақырым.