Ресейде алғаш рет Ғарыш апталығы өтіп жатыр

© Пресс-служба Роскосмоса / РКК «Энергия» / Медиабанкке өтуЗапуск транспортного грузового корабля "Прогресс МС-22" с космодрома Байконур
Запуск транспортного грузового корабля Прогресс МС-22 с космодрома Байконур - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 65 жыл толуына орай елде бірқатар шара өткізу жоспарланған
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Ресейде 6-12 сәуір аралығында Ғарыш апталығы өтеді.
Мақсаты – Ресей космонавтикасы жетістіктерін насихаттау және ғарыш қызметімен байланысты мамандықтардың беделін арттыру.
Ғарыш апталығы аясында Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 65 жыл толуына орай Саратовтағы Гагарин атындағы әуе клубынан "Байқоңыр" ғарыш айлағына дейін ұшып өту іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған әртүрлі өңірлерден 14 жеңіл моторлы ұшақ қатысып жатыр.
Олар Саратов – Самара – Орынбор – Байқоңыр – Саратов маршрутымен ұшып, алғашқы ғарышкердің өмірімен байланысты маңызды орындарға барады, деп хабарлады Саратовтағы Ю.А. Гагарин атындағы әуе клубының басшысы Евгений Алексеев.
"Мақсат – адамның ерлігін еске салу, Юрий Алексеевич Гагариннің ғарышқа бірінші шыққан адам екенін көрсету. Президент Ғарыш апталығын жариялады, ал авиация әуесқойлары федерациясы, ДОСААФ, Росавиация, Роскосмос бұл идеяны қолдады … Біз Гагариннің өмірімен, ерлігімен байланысты барлық жерден өтеміз", – деді Алексеев.
Авиаторлар жалпы 3 мың шақырымдық маршрутты еңсеріп, Ғарышкерлер күніне қарай Саратов облысына оралады, олар алғашқы ғарышкердің қонған жері — Энгельс ауданы үстінен ұшып өтеді.
Сонымен қатар Ғарыш апталығы аясында семинарлар, концерттер және тақырыптық көрмелер өтеді, деп хабарлады "Роскосмос".
Жаңалықтар
0