"Көлік немесе 20 млн теңге": Қостанай облысында кәсіпкерді қорқытқан тұрғын сотталды

Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
Сотталушы ақшаны беру орны мен тәсілін көрсетіп, оны өз ауласының қоршауына лақтыруды ұсынған
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында тұрғын кәсіпкерді қорқытып, қомақты ақша талап еткен, дейді облыстық сотта.
Былтыр ақпанда жергілікті тұрғын кәсіпорынға тиесілі құстың өлексесі мен өндіріске жарамсыз құстың шығарылуына куә болған. Ол ұялы телефонының камерасына видео түсіріп, оны YouTube арнасына жариялаған.
"Осы жарияланымның негізінде өкілетті органдар тарапынан тексерістер жүргізіп, ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Содан кейін кәсіпорын өкілі видео авторымен жолығып, одан жазбаны неге жариялағанын сұраған және оны өшіруді өтінген. Алайда сотталушы ЖШС өкілімен әңгіме барысында ЖШС қызметі туралы осындай мазмұндағы бірқатар бейнежазба бар екенін ашық мәлімдеп, "Shacman" көлігін немесе 20 млн теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты беруді талап еткен", - дейді сотта.
Амалы құрыған кәсіпкер құқық қорғау органдарына жүгінген.
"Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында сотталушы ақшаны беру орны мен тәсілін көрсетіп, оны өз ауласының қоршауына лақтыруды ұсынған. Сол күні кәсіпкер сотталушы үйінің қоршауы арқылы 15 млн теңге көлемінде ақшалай қаражатты берген", - дейді сот.
Сотталушы сотта кінәсін мойындаған жоқ. Қорғаушы тарап ақтау үкімін шығаруды өтінді.
Сот үкімімен кәсіпкерді қорқытқан тұрғын 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2026
Астанада кәсіпкерлерді бопсалаған алаяқ ұсталды
Жаңалықтар
0