Биологиялық белсенді қоспалар мен зергерлік бұйымдар цифрландырылады

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаБАД для профилактики онкологических заболеваний разрабатывают казахстанские ученые
БАД для профилактики онкологических заболеваний разрабатывают казахстанские ученые - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) талаптарына сәйкес биологиялық белсенді қоспаларды және зергерлік бұйымдарды міндетті цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесіне жататын тауарлар тізбесіне енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.
Тиісті бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Жобаға сәйкес, биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау 2026 жылдың қыркүйегінен, ал зергерлік бұйымдарды таңбалау сол жылдың желтоқсанынан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі.
Бұл бастама ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы ортақ нарықта тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мамандардың айтуынша, биологиялық белсенді қоспалар нарығында заңбұзушылықтар жиі кездеседі, ал зергерлік салада көлеңкелі айналым деңгейі жоғары. Осыған байланысты цифрлық таңбалау жүйесі өнімнің қозғалысын толық қадағалап, контрафакт пен заңсыз сауданы азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бұл жүйе тұтынушыларға тауардың түпнұсқалығын тексеруге жол ашып, адал бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді. ЕАЭО кеңістігінде ортақ талаптарды енгізу арқылы Қазақстан импорт пен экспорттағы бақылауды күшейтуді көздеп отыр.
Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 3–20 сәуір аралығында өтеді.
Жаңалықтар
0