Ақмола облысында бөгет бұзылды

© Photo : Скриншот видео акимата Акмолинской областиПлотину прорвало в Акмолинской области Казахстана
Плотину прорвало в Акмолинской области Казахстана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2026
Жазылу
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы "Шөптікөл" бөгеті бұзылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
"Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы саны шамамен 170 адам және 43 бірлік техника тартылған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, су "Астана – Қорғалжын" республикалық жолының 75-шақырымында құбыр арқылы өтіп жатыр. Жол жамылғысы бүлінбеген.
Жаңалықтар
0