https://sputnik.kz/20260405/qaragandy-oblysynda-bir-taulikte-800-den-astam-zhol-erezhesin-buzu-deregi-anyqtaldy-62423825.html
Қарағанды облысында бір тәулікте 800-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды
Қарағанды облысында бір тәулікте 800-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды
Sputnik Қазақстан
Жүргізуші куәлігінен айырылып, қайтадан мас кезінде көлік жүргізген 38 жастағы қала тұрғынына қылмыстық іс қозғалды 05.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-05T12:10+0500
2026-04-05T12:10+0500
2026-04-05T12:10+0500
жол жүру ережесі
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_b52a5dbf3d9a2d65c2df2464f30e23e7.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау іс-шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бағдат Кәкімов атап өткендей, негізгі мақсат – профилактика және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу.Олардың қатарында мас болып көлік жүргізу фактілері бар. Рейд барысында үш мас жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар, бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлікті қайта жүргізгені анықталды.Полиция әсіресе бұрын мас күйінде ұсталған жүргізушілердің қайтадан заң бұзбауы үшін ерекше бақылау жүргізеді. Рейд барысында сондай бір жағдай анықталды: жүргізуші куәлігінен айырылған 38 жастағы қала тұрғыны қайтадан мас кезінде көлік жүргізген. Оған қылмыстық іс қозғалды.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_48cd06b5d610c34b7a167df1b3d4516a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол жүру ережесі, қарағанды облысы
жол жүру ережесі, қарағанды облысы
Қарағанды облысында бір тәулікте 800-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды
Жүргізуші куәлігінен айырылып, қайтадан мас кезінде көлік жүргізген 38 жастағы қала тұрғынына қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау іс-шаралары күшейтілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бағдат Кәкімов атап өткендей, негізгі мақсат – профилактика және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
"Дегенмен бір тәулікте облыс аумағында жол ережесін бұзу бойынша 800-ден астам факт тіркелді, оның 70-і өрескел заң бұзушылықтарға жатады", - дейді ол.
Олардың қатарында мас болып көлік жүргізу фактілері бар. Рейд барысында үш мас жүргізуші ұсталды. Сонымен қатар, бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлікті қайта жүргізгені анықталды.
"Сондай-ақ, 22 әйнекті заңсыз қараңғылау, 8 рұқсатсыз көлік басқару және 16 сақтандыру полисі жоқ көлікті пайдалану деректері тіркелді. Іс-шаралар қорытындысында 34 көлік айып тұрағына қойылды", - деп толықтырды Бағдат Кәкімов.
Полиция әсіресе бұрын мас күйінде ұсталған жүргізушілердің қайтадан заң бұзбауы үшін ерекше бақылау жүргізеді. Рейд барысында сондай бір жағдай анықталды: жүргізуші куәлігінен айырылған 38 жастағы қала тұрғыны қайтадан мас кезінде көлік жүргізген. Оған қылмыстық іс қозғалды.