https://sputnik.kz/20260405/moyynty--qyzylzhar-temirzhol-zhelisi-143-mln-tekshe-metr-zher-tosemi-zhurgizildi-62427130.html
"Мойынты – Қызылжар" теміржол желісінің құрылысы: жобаға 1500-нан астам маман жұмылдырылды
"Мойынты – Қызылжар" теміржол желісінің құрылысы: жобаға 1500-нан астам маман жұмылдырылды
Sputnik Қазақстан
Теміржол жобасы Ұлытау және Қарағанды облыстарының аумақтарын қамтиды 05.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-05T17:23+0500
2026-04-05T17:23+0500
2026-04-05T19:55+0500
теміржол
пойыз
қарағанды
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59304869_0:40:800:490_1920x0_80_0_0_8053f1a98f81998656c932cf3b8f7a27.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов "Мойынты – Қызылжар" теміржол желісінің құрылыс басына барды.Құрылыстың негізгі кезеңінің бірі болып табылатын жер төсемін жасау жұмыстары аяқталуға жақын.Сонымен қатар, рельсті шпал торын құрастыру және төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар Мойынты станциясы жағынан да, Қызылжар станциясы жағынан да қарсы қарқынмен жүргізіліп жатыр.Инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда. Су өткізу құрылыстарының дайындығы шамамен 50%-ды құрайды. Сонымен қатар, көпірлердің, өткелдердің және мал айдау орындарының құрылысы жүргізілуде, олардың аяқталуы жолды төсеудің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыруға 1500 астам маман және 580 астам техника жұмылдырылды.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚТЖ Басқарма төрағасының тапсырмасына сәйкес жұмыс жүргізу жоспары мен кестесіне түзетулер енгізілді."Мойынты – Қызылжар" темір жолы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) негізгі бөлігі болып табылады. Теміржол жобасы Ұлытау және Қарағанды облыстарының аумақтарын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асады.Жаңа желіні іске қосу "Мойынты – Жарық" учаскесінің жүктемесін түсіріп, контейнерлік пойыздар қозғалысы жылдамдығын арттырып, жүк тасымалдау қашықтығын 149 шақырымға қысқартады.
https://sputnik.kz/20260209/qazaqstan-2025-zhyly-zhol-qurylysy-boyynsha-rekordtyq-korsetkishke-qol-zhetkizdi-61029408.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/03/59304869_47:0:754:530_1920x0_80_0_0_bcd75388d267ad5e09b33047c7d99f6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, пойыз, қарағанды
теміржол, пойыз, қарағанды
"Мойынты – Қызылжар" теміржол желісінің құрылысы: жобаға 1500-нан астам маман жұмылдырылды
17:23 05.04.2026 (жаңартылды: 19:55 05.04.2026) Теміржол жобасы Ұлытау және Қарағанды облыстарының аумақтарын қамтиды
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов "Мойынты – Қызылжар" теміржол желісінің құрылыс басына барды.
Құрылыстың негізгі кезеңінің бірі болып табылатын жер төсемін жасау жұмыстары аяқталуға жақын.
"Бүгінгі таңда 14,3 млн текше метр жер төсемі жасалды, бұл жалпы көлемнің шамамен 90%-ын құрайды. Осылайша, болашақ магистральдың негізгі іргетасы қазірдің өзінде қалыптасты. Бұл жолдың жоғарғы құрылымын төсеудің белсенді кезеңіне өтуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы".
Сонымен қатар, рельсті шпал торын құрастыру және төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар Мойынты станциясы жағынан да, Қызылжар станциясы жағынан да қарсы қарқынмен жүргізіліп жатыр.
Инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда. Су өткізу құрылыстарының дайындығы шамамен 50%-ды құрайды. Сонымен қатар, көпірлердің, өткелдердің және мал айдау орындарының құрылысы жүргізілуде, олардың аяқталуы жолды төсеудің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыруға 1500 астам маман және 580 астам техника жұмылдырылды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚТЖ Басқарма төрағасының тапсырмасына сәйкес жұмыс жүргізу жоспары мен кестесіне түзетулер енгізілді.
"Мойынты – Қызылжар" темір жолы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) негізгі бөлігі болып табылады. Теміржол жобасы Ұлытау және Қарағанды облыстарының аумақтарын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асады.
Жаңа желіні іске қосу "Мойынты – Жарық" учаскесінің жүктемесін түсіріп, контейнерлік пойыздар қозғалысы жылдамдығын арттырып, жүк тасымалдау қашықтығын 149 шақырымға қысқартады.