Жетісу облысында медбикенің бетінен ұрған ер адамға сот үкімі шықты

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2026
Жазылу
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Жетісу облысында сот едбикеге шабуыл жасаған ер адамға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Көксу аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша (адамның қызметтік міндетін атқаруына байланысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, 4 наурызда сотталушы масаң күйде Жетіжал ауылындағы медициналық пунктке барып, денсаулығына шағымданған.
Кейін медбикенің бірден көмек көрсетпегеніне ашуланып, оның бет тұсынан жұдырығымен соққы жасаған.
Салдарынан жәбірленуші медбике орындығынан құлап, дене жарақатын алған.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына орташа дәрежедегі зиян келтірілген.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
Ер адам кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Алматы дәрігерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2025
Сенат медицина қызметкерлеріне күш қолданғандар үшін жазаны күшейтуді мақұлдады
Жаңалықтар
0