https://sputnik.kz/20260404/maskeudegi-abay-eskertkishine-20-zhyl-toldy-62420811.html
Мәскеудегі Абай ескерткішіне 20 жыл толды
Мәскеудегі Абай ескерткішіне 20 жыл толды
Sputnik Қазақстан
2006 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен ескерткіштің ашылуы өткен еді 04.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-04T18:26+0500
2026-04-04T18:26+0500
2026-04-04T18:39+0500
абай құнанбайұлы
ескерткіш
дәурен абаев
https://sputnik.kz/img/07ea/04/04/62418208_0:0:1115:627_1920x0_80_0_0_769e11596ba1e71ab4ebb747c9184397.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ елшіліктің дипломаттары "Чистые Пруды" бульварындағы Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.Іс-шара Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен 2006 жылдың 4 сәуірінде өткен ескерткіштің ашылуының 20 жылдығына арналды.Ескерткішке арналған орынның таңдалуы кездейсоқ емес. "Чистые Пруды" бульварында бастапқыда Қазақ КСР-нің Тұрақты өкілдігі болған, ал қазір Қазақстанның Ресейдегі елшілігі орналасқан."Ескерткіш – Қазақстанның Мәскеуге тарту еткен сыйы. Композицияның авторлары – мүсіншілер Марат және Саид Айнековтар, сәулетші Валерий Романенко, дизайнер Тимур Сүлейменов, суретші Эдуард Дробицкийлерден тұратын шығармашылық ұжым", - делінген елшілік хабарламасында.Монумент авторларының бірі Саид Айнеков өз естеліктерінде айтып өткендей, соңғы дайындық өте жауапты болған, процесс күрделі ауа райы жағдайында - минус 20 градус температурада жүргізілген."Ескерткішті жасау бойынша жұмысқа деген ұстанымды, жалпы еңбектің ұйымдастырылуын, Жуковскийдегі комбинаттағы жұмыс процесін ұмыту мүмкін емес. Сонымен қатар, комбинатта ресейлік мүсіншілермен таныстығымыз да ұмытылмас естелік", - деп еске алады қазақстандық мүсінші.Ашылған сәттен бастап ескерткіш отандастарымыздың сүйікті орнына, сондай-ақ қазақстандық ресми делегациялар дәстүрлі түрде барып шығатын жердің біріне айналды. Жыл сайын 10 тамыз, Абай күнінде, мұнда ұлы ақынның өлеңдері мен әндері шырқалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/04/62418208_76:0:1036:720_1920x0_80_0_0_05c7b3b6aae3af2ddc265ba4c836929e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай құнанбайұлы, ескерткіш, дәурен абаев
абай құнанбайұлы, ескерткіш, дәурен абаев
Мәскеудегі Абай ескерткішіне 20 жыл толды
18:26 04.04.2026 (жаңартылды: 18:39 04.04.2026) 2006 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен ескерткіштің ашылуы өткен еді
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ елшіліктің дипломаттары "Чистые Пруды" бульварындағы Абай Құнанбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара Қазақстан мен Ресей президенттерінің қатысуымен 2006 жылдың 4 сәуірінде өткен ескерткіштің ашылуының 20 жылдығына арналды.
"Мәскеу орталығында Абай ескерткішінің ашылуы Ресейдің тек ұлы қазақ ойшылына ғана емес, бүкіл қазақ халқына деген құрметін білдіреді. Соңғы 20 жылда екі ел арасындағы мәдени байланыстар кеңейіп, нығая түскен, үнемі өткізілетін бірлескен іс-шаралар бұған куә", - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.
Ескерткішке арналған орынның таңдалуы кездейсоқ емес. "Чистые Пруды" бульварында бастапқыда Қазақ КСР-нің Тұрақты өкілдігі болған, ал қазір Қазақстанның Ресейдегі елшілігі орналасқан.
"Ескерткіш – Қазақстанның Мәскеуге тарту еткен сыйы. Композицияның авторлары – мүсіншілер Марат және Саид Айнековтар, сәулетші Валерий Романенко, дизайнер Тимур Сүлейменов, суретші Эдуард Дробицкийлерден тұратын шығармашылық ұжым", - делінген елшілік хабарламасында.
Монумент авторларының бірі Саид Айнеков өз естеліктерінде айтып өткендей, соңғы дайындық өте жауапты болған, процесс күрделі ауа райы жағдайында - минус 20 градус температурада жүргізілген.
"Ескерткішті жасау бойынша жұмысқа деген ұстанымды, жалпы еңбектің ұйымдастырылуын, Жуковскийдегі комбинаттағы жұмыс процесін ұмыту мүмкін емес. Сонымен қатар, комбинатта ресейлік мүсіншілермен таныстығымыз да ұмытылмас естелік", - деп еске алады қазақстандық мүсінші.
Ашылған сәттен бастап ескерткіш отандастарымыздың сүйікті орнына, сондай-ақ қазақстандық ресми делегациялар дәстүрлі түрде барып шығатын жердің біріне айналды. Жыл сайын 10 тамыз, Абай күнінде, мұнда ұлы ақынның өлеңдері мен әндері шырқалады.