https://sputnik.kz/20260403/turkiya-ukraina-boyynsha-kelissozge-qatysty-eshqanday-naqty-aqparat-algan-zhoq---derekkoz-62395584.html
Түркия Украина бойынша келіссөзге қатысты ешқандай нақты ақпарат алған жоқ – дереккөз
Түркия Украина бойынша келіссөзге қатысты ешқандай нақты ақпарат алған жоқ – дереккөз
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Түрік тарапы Украина бойынша келіссөздің жаңа кезеңіне қатысты тараптардан әзірге ешқандай нақты ақпарат алған жоқ. Бұл туралы РИА... 03.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-03T16:02+0500
2026-04-03T16:02+0500
2026-04-03T16:02+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/965/18/9651865_0:24:3071:1751_1920x0_80_0_0_7143a590b4cc43ac0f3088f684670b68.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Түрік тарапы Украина бойынша келіссөздің жаңа кезеңіне қатысты тараптардан әзірге ешқандай нақты ақпарат алған жоқ. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлаған.Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкара Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөзге қайтадан алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеген болатын.Ол Түркия жағдайды мұқият бақылап отырғанын және процесс қатысушыларымен байланыс орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.Ресей мен Украина бұған дейін Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш кезеңін өткізген. Нәтижесінде тұтқын алмасылды. Тараптар қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен де алмасқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/965/18/9651865_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_3472c1754c76ffe57ca997cd237fb0f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Түркия Украина бойынша келіссөзге қатысты ешқандай нақты ақпарат алған жоқ – дереккөз
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Түрік тарапы Украина бойынша келіссөздің жаңа кезеңіне қатысты тараптардан әзірге ешқандай нақты ақпарат алған жоқ. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлаған.
Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкара Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөзге қайтадан алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеген болатын.
"Қазіргі уақытта түрік тарапына келіссөздің ықтимал жаңа кезеңінің мерзімі немесе параметрлері туралы тараптардан нақты ақпарат түскен жоқ", – деді агенттік сұхбатшысы.
Ол Түркия жағдайды мұқият бақылап отырғанын және процесс қатысушыларымен байланыс орнатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.
"Түркия бұған дейін келіссөз үшін алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді, алайда қатысушылар тарапынан тиісті бастамалар мен нақты ұсыныстар әзірге түспеді", – деп атап өтті дереккөз.
Ресей мен Украина бұған дейін Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш кезеңін өткізген. Нәтижесінде тұтқын алмасылды. Тараптар қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен де алмасқан.